А. М. Касенова. Стандарттау



Pdf көрінісі
бет64/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   184
тарау. Стандарттау 91
9) өз құзыреті шегінде Кеден Одағының кедендік аумағында 
зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
10) кедендік статистиканы жүргізу.
Кеден Одағының кеден заңнамасы:
1) Кеден Кодексінен;
2) Кеден Одағына мүше мемлекеттердің Кеден Одағындағы 
кедендік қүқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шартта- 
рынан;
3) Кеден Одағы комиссиясының осы Кодекске жэне Ке­
ден Одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына 
сәйкес қабылданатын Кеден Одағындағы кедендік-қүқықтық 
қатынастарды реттейтін шешімдерінен тұрады.
Кеден Одағы шеңберінде қол қойылған барлық халықаралық 
келісімдер тараптар мемлекет ішіндегі жағдайларды реттегеннен 
кейін жэне Кеден Одағын жоғарғы органы (мемлекет басшылары 
жэне үкімет басшылары деңгейінде) тиісті шешім қабылдағаннан 
кейін ғана күшіне енеді. Қазіргі күнге дейін Кеден Одағы 
шеңберінде 14 халықаралық қүжат күшіне еніп, жүмыс істей бас- 
тады. Олар:
1. 2000 жылғы 10 қазандағы ЕурАзЭҚ құру жөніндегі келісім- 
ге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама;
2. Кеден Одағының шарттық-қүқықтық базасын белгілей- 
тін және одан шығуды немесе кіруді реттейтін халықаралық 
келісімшарттардың күшіне ену тэртібі туралы хаттама;
3. Кеден Одағы комиссиясы туралы келісімшарт;
4. Кеден Одағын құру жэне бірыңғай кедендік кеңістік жасау 
туралы келісімшарт;
5. ЕурАзЭҚ шеңберінде санитарлық жэне фитосанитарлық 
шараларды, 
техникалық 
реттеулерді 
жүргізу 
саласындағы 
келісілген саясат жүргізу жөніндегі келісім;
6. Кеден Одағы тауарларымен сыртқы жэне ішкі саудада ке- 
дендік статистика жүргізу жөніндегі келісім;
7. Бірыңғай кедендік тарифтік реттеу туралы келісім;
8. Тарифтік квотаны қолданудың шарттары мен тетіктері 
жөніндегі келісім;


92 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негілдері
9. Бірыңгай кедендік тариф ставкаларынан ерекшеленетін жэне 
ерекше жағдайда тасымалданатын тауарларға кедендік баж ставкала- 
рын қолданудың жагдайлары және тэртібі жөніндегі хаттама;
10. Тарифтік жеңілдіктер жасау жөніндегі хаттама;
11. Кеден Одағының бірыңғай тарифтік артықшылықтар беру 
жүйесі туралы хаттама;
12. Үшінші бір мемлекетке қатысты тарифтік емес реттеулер 
жүргізу туралы бірыңгай шаралар туралы келісім;
13. Бірыңғай кедендік аумақта үшінші бір елдерге қатысты са- 
уда жасаган кезде қолданылатын тәртіптер туралы келісім;
14. Тауарлармен сыртқы сауда саласындағы тауарларды ли- 
цензиялау ережелері туралы келісім.
Кеден Одагының техникалық регламенттері Кеден Одағының 
кедендік аумағында тікелей қолданылады.
Айналымға шығарылагын өнімнің Кеден Одағы техникалық 
регламенттерінің талаптарына сэйкестігін бағалау (растау) оны 
айналымға шығарғанға дейін жүзеге асырылады.
Тараптар Кеден Одағының техникалық регламенттерінің та­
лаптарына сәйкес келетін өнімнің айналымын өз аумағында Ке­
ден Одағының техникалық регламентінде қамтылган талаптарға 
қатысты осындай өнімге қосымша талаптар қоймай және қосымша 
сәйкестікті багалау (растау) рәсімдерін өткізбей қамтамасыз етеді.
Өнімнің Кеден Одағы техникалық регламенттерінің та­
лаптарына 
сәйкестігін 
бағалау 
(растау) 
нәтижелерінің
салыстырымдылығын болуын қамтамасыз ету мақсатында өлшем 
бірлігін қамтамасыз етуге багытталган келісілген саясат жүргізеді.
Техникалық реттеу саласында Кеден Одагының мүшелері 
нормативтік қүқықтық базасын қалыптастыру мақсатында оған 
қатысты Кеден Одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін 
бірыңғай өнім тізбесін қалыптастырады.
Бірыңгай тізбеге енгізілген, оған қатысты Кеден Одағының 
техникалық регламенттері немесе Еуразиялық экономикалық 
қауымдастықтың техникалық регламенттері күшіне енбеген өнім 
үшін техникалық реттеу саласындағы Кеден Одағы заңнамасының 
жэне мүшелерінің заңнамаларының нормалары қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет