126 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
Сертификаттық сынаулардың маңызы
Объектісіне байланысты өнімді,
көрсетілетін қызметті, сапа
жүйесін (өндірісті) және персоналды бақылау кездеседі. Барлық
объектілер шикізатқа, материалдарға,
бұйымдарға, жабдыктарға
жэне саймандарға бекітілген нормалардың талаптарына сэйкестікке
тексеріледі. Бақылау объектілерінің маңызды сипаттамаларының
бірі
болып олардың бақылауға жарамдығы,
яғни
бұйым
конструкциясының оны жасау, сынақтан өткізу, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу кезінде ыңғайлы жэне сенімді түрде бақылау
мүмкіндігін қамтамасыз ету қасиеті табылады.
Аталған объектілерден басқа сапа жүйесі элементтерін жэне
өндірістік процестің кезеңдерін бақылау жүзеге асырылады.
Станокта, преете жүргізілген кез келген операциядан кей-
ін жэне жинау операциясынан кейін жүргізілетін
бақылауды
операциялық бақылау деп атайды. Дайын бөлшек, торап жа-
сап шығарылғаннан кейін немесе бұйым дайын өнім ретінде
шығарылғаннан кейін қабылдау үшін бақылау жүргізеді. Бүд жер-
де комплектінің түгелдігі, буып түйілуі, қалай (қандай жағдайда)
тасымадланғаны жэне сақталғаны бақыланады.
Операциялық
бақылау кезінде қандай параметрлер тексерілуі керек жэне
қандай сайман немесе өлшеу қүралы қолданылуы керектігі ту-
ралы технологиялық процесс картасының «бақылау операция-
сы» бағанасында жазылады. Қабылдау үшін (қабылдау алдында)
бақылау
мемлекеттік стандарттар, жалпы техникалық шарттар
жэне тиісті техникалық шарттар бойынша жүргізіледі.