204
Батыр атағының кең таралуы қазақ қоғамының өзгешелік сипатын берген. Қазақтын
каһармандық эпостарында батырлар: қара батыр, қара берен батыр, жеке батыр, қамал бұзған
батыр болып бөлінеді. Үрім-бұтағынан бері қарай батыр атанып келе жатқан ауыр жараланса
да ұрыс даласын тастамайтын батыр қара батыр немесе қара берен батыр деп атанған.
Халықтың, қоғамның ерекше жіктерінің бірі болғандықтан батырлардың өзіндік
идеологиясы, басқа қоғамдық жіктермен қатынасын, реттейтін «әлеуметтік этикасы»,
қоғамдық қызметіне байланысты салт-дәстүрі және әртүрлі
сипаттағы әлеуметтік
ерекшеліктері болған. Ол туралы әдеби, тарихи деректер, өнер жәдігерлері, археологиялық
материалдар жеткілікті мағлұмат береді.
Соғыс жағдайында Отанды жаудан қорғау,
елді басқыншылардан азат ету,
халықтың қонысын, жерін кенейту, жау қолында, тұтқында жүргендерді азат ету, жау
қолында өлген ата кегін қайтару сияқты мақсаттармен жүргізілген.
Ол туралы көне түрік жазбаларында;
Қызыл қанымды төктім,
Қара терімді ағыздым,
Күш қуатымды бердім,
Бұл
туралы келтірмедім,
Атты әскерді жолатпадым,-
деп жырланады.
Батырлар ханның қызметіне жүріп оның сеніміне ие болып, керек болса ол үшін жанын
қиюға дейін баруы тиіс. Батырлар қашанда мемелекеттің ішкі, сыртқы саясатын анықтауға
араласып, ханға кеңесші болып, әртүрлі мемлекет аралық қатынастарға араласып ханға
кеңесші болып, елшілікке де жүрген. Әділетсіздік
көрген жағдайда елінен, ханынан кетіп
басқа елге, ханға қызмет етуі мүмкін. Бірақ хан мен батырлар қашанда бір әлеуметтің өкілі
болғандықтан батырлар әрдәйім ханның тірегі болды. Хандық биліктің тұрақтылығы
батырлармен тығыз байланысты, хан бар жерде батыр да бар. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек
және т.б батырлардың өмірлері де осылай өтті. Қанжығалы Қарт Бөгенбай батыр өмірлік
ұстанымы осы мазмұнда қабылдануы заңды құбылыс.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қалыптасып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан
лайықты орнымызды тапқан қазіргі заманда қазақтың мыңжылдық тарихын зерделеп, тарихи
тұлғаларын бағалап жатқанымыз, шынайы мемлекет ретінде қалыптасқанымызды білдіреді.
Бұл өткенге қарап ой, кемел келешекке қарай бой жарқын қадамдар жасау қажеттігін
аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: