203
Үшінші кезең – 1740 жылдан бастап, 1757 жылға дейінгі уақыт аралығы. Бұл кезенге
Абылай хан бастаған қазақ елінің саяси бірігуінің күшейіп, жоңғарларға қарсы күрестің
өрістей түскен мезгілі. Жоңғар мемлекеттінің тарих сахынасынан жоғалу жылдары кіреді.
Көріп отырғанымыздай жоңғарларға қарсы соғыс қимылдары жүз жылдан артық уақыт
аралығын қамтығандығын байқауымызға болады. Қазақ халқының басына түскен осы саяси
ахуал үш жүздің басын біріктіріп, қазақ тарихындағы ең әйгілі
мемлекет қайраткеерлерін,
ақын жырау данагөй билерді, нар тұлғалы батыр бабаларды, ұлы қолбасшыларды дүниеге
әкелді. Тәуке, Абылай сынды ел иесі хандар; Бұхар, Үмбетай,
Қазыбектей жырау, билер;
Батыр бабалар: Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы
Көкжал Барақ, Шаңышқылы Бердіқожа және т.б. Бұл батырлардың әрқайсысы бір бір заңғар
биік, қазақ халқының қасіретінен айықтырып, болашағына жол ашқан халқымыздың
маңдайына біткен атпал азаматтары болатын.
Достарыңызбен бөлісу: