Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет76/166
Дата27.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#111108
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   166
Байланысты:
thesis147359 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі 
 
1. Қаныш аға (Академик Қаныш Сәтбаев туралы естеліктер) Алматы, - Жазушы: 1989, -124 б.
2. Сәрсекеев М. Сәтбаев. Алматы, Өнер. 1989. -219 бет.
3. Сағындықова С.С. Қ.Сәтбаев Қазақстан түсті металл өндірісінің модернизациялаудың
негізін салушы. // Социальная модернизация в странах постсоветского пространства: исторические 
тенденции и казахстанская практика. Материалы научно-теоретической конференции. - Актобе: 
АқтМПИ, 2013. –С. 71-74. 
4. Сәтбаева Ш. Сәулелі әулет. Алматы, Қазақстан, 1996, 3-5 бб. 


163 
АҚЫТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН БОЛАШАҒЫ ЖАЙЫНДА 
 
Мұхамадиұлы Х.,
т. ғ. д., профессор 
Монғолия Ғылым Акедемиясының Халықаралық қатынастар зерттеу Институты 
Ақыттану – шет елдегі қазақ әдебиеті мен тарихын тану ғылымының бір саласы. 
Ақыттану Ақыт хажы Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайскийдің өмірі мен шығармашылық 
өнері, дүниетанымы, қоғамдық, діни көзқарастары, тарихи білім, тәуелсіздік, бостандық 
жайлы ойлары, ұлт азаттық күресінде ақының атқарған істері, шет елдегі қазақ поэзиясының 
дамуына қосқан үлесі, шығармаларындағы Абай және араб, парсы өркениетінің әсері жайлы 
жан-жақты зерттеуді мақсат етеді. Ақыт хажының өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу 
шын мәнінде оның шығармашылық өнері бастау алған сол заманда басталды. 1897 жылы 
Қазан қаласында тұңғыш кітабы жарық көрісімен шығыс зерттеуші ғалымдардың назарына 
ілікті. 1897 жылы профессор Н.Ф.Катанов
1
« Деятель»
2
журналында Ақытты қазақ ақыны 
деген еді. Алайда, ХХ-ші ғасырда Еуразия кеңістігінде болып өткен сан алуан аласапыран 
оқиғалардың кесірінен және ақынның шет елде өмір кешуі т.б себептерден Ақыт ақынның 
мұрасын жинау, баспадан шығару, насихаттау, зерттеу, бағалау ісі ұзақ жылдарға кенжелеп 
қалды. Сөйтіп, Ақыттануды жүйелі, дәйекті түрде дұрыс ғылыми көзқарас бойынша дамыту 
қажеттігін өмірдің өзі алға шығарды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан Ақыт хажының аты 
аталып, шығармаларының кейбірі Моңғолияда, Қазақстанда, Түркияда, Қытайда жарық көріп, 
шет жағалап зерттеулер жасауға деген талпыныстар болды [1, 438-441]. Алайда, нағыз 
ғылыми Ақыттанудың ірге тасы әлі толық қаланған жоқ. 
Цин империясына қарасты Өр Алтай жерінде Ақыт 1868 жылы туылып, жеті жасында 
ауыл молласы Мырзабақа, Садық, Бұхарадан келген Махбубулладан сабақ алып, хатқа, дінге 
жүйірік болып алады. Араб тілін меңгеріп, Қазан және Станбул баспасынан түрік тілінде 
басылған кітаптармен танысқандығын алғашқы кітаптарынан байқауға болды.Ақыт шәкірт 
кезінен шағын өлең жазып, Қобда қаласына келген кезде қаламы төселіп қалған жас ақын 
болатынды. Бұл
бірінші
кезең - ақынның хат танып, білімін жетілдіріп, шағын өлеңдер 
шығарып, дастандар жазуға дайындығы толысқан уақыты еді.
Ақыт Қобда қаласына почта қызметіне келген соң көп адамдармен танысып, Қазан 
қаласынан келген жаңа басылымдарды оқып, оған әсерленген ол, 22 жасында «Жиһаншаны» 
небәрі бірер сағаттың ішінде жазуы оның таланттылығының белгісі болады. Бұл ақын 
шығармашылығының ең тамаша дәуірі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет