166
бағалай алатын ақындық сезімталдықтың нағыз үлгісі еді. Ақыттың
көзі тірісінде жарық
көрген шығармаларынан 11 кітабы 20-дан астам рет басылып халық игілігіне жарағаны
белгілі
5
.
Ақыт қажы Үлімжіұлы Қарамсақов Алтайскийдің Қазан қаласында 1895-1914 жылдар
аралығында басылып шыққан шығармалары ақын творчествосының сүбелі де, құнарлы бөлігі
болып табылады. Бұл кітаптардың идеясы айқын, көркем, кесек көлемді, қияли аңыз, эпостық
жырға тән құрылымды болып келеді. Осы мұралар - Ақыт ақынның дарынын, алғырлығын,
шалымдылығын танытып ғана қоймай, ақыттанудың бұлжытпас қайнар көзі. Сонымен қатар,
Ақыт мұралары XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың ортасына дейінгі бір
ғасыр дәуірдегі
Алтай тауы қазақтарының тарихы, тілі, әдебиеті, салт санасы, діні, рухани өмірінің нақты бет
бейнесінің көрінісі, ғылыми сарқылмас қайнар бұлағы екені айқын. Сондықтан да, Ақыт хажы
Үлімжіұлы Қарамсақов Алтайскийдің Қазан баспаларынан жарық көрген туындыларын толық
тауып, зерттемейінше ақыттанудың олқылығы толмайды.
Ақыттанудың тағы бір қайнар бұлағы - ақынның қолжазбалары болып табылады.
Ақынның қолжазбалары қаншалықты мөлшерде сақталғаны туралы толық дерек жоқ. Ақыт
өлеңдерінің көбі көзі тірісінде де қолжазба және ауыздан ауызға өтіп жатталып тарағанды.
1939 жылы 24-ші желтоқсан күні ақынды Гоминдан жендеттері тұтқынға алып, Шәкүртідегі
мешітнен көптеген кітаптарын бұлап алып өртеп жіберді. Діни кітаптары мен қатар
өлеңдерінің қолжазбалары да болып халықтың қолына тимей, өртеліп кеткен. Ал,
соңында
ақынның 816 кітабын Гоминдан үкіметі тарабынан қайтарып бергенін, оны өзі санап
алғанынын ақынның баласы Ақытұлы Ғазез жазса да, қолжазба жайында айтпаған. Ал, 1965-
1978 жылдары Қытайда болған мәдени революция тұсында Ақыт ақын қолжазбалары тағы
жиналып алынып, өртеліп жіберілді [19, 173]. “Жиһанша”-Ақытұлы Ғазез “Он жылдық алай-
дүлей соққан боранда оның туындылары апатқа кетіп, отқа өртеліп, суға тасталғаннан сырт
біз аяулы атамыздың атын атай алмайтын жағдайға тап болғанбыз” [2, 18] - деп жазады.
Осыған
қарағанда, ақынның қолжазбалары 70-80-ші жылдарға жетіп, мәдени революция
кезінде дерлік жойылғанға ұқсайды.
Ақынның өз қолжазбалары болса, жеке зерттеу және
ақынның кейбір шығармалары түгелдей дерлік басқа адамдардың қолжазбалары арқылы
жеткенін де ескеру қажет болады. Жекелеген қолжазбалардың
көлемі және мазмұнында
өзгешеліктер орын алғанын назар да ұстау керек. Сондықтан оларды қосымша деректер
ретінде пайдалану орынды болмақ.
Ақыт хажы Үлімжіұлы Қарымсақов Алтайский шығармаларының ХХ –ші ғасырдың
екінші жартысы мен ХХI-ші ғасыр басында топтастырылған жинақтары - ақыттанудың құнды
қайнары болып есептеледі [20-26].
Ақыт хажы Үлімжіұлы Қарымсақов Алтайскийдің толық шығармаларын жинау, реттеу,
баспадан шығару ісінде ілгерлеушілік көрініс тапты. Алайда, әрбірінің
өзіндік жетістіктері
мен бірге айтарлықтай кемшіліктері де байқалады.
Ақын аса үлкен кеңістікте ұзақ өмір кешіп, аса мол мұра қалдырса да, шығармалары
зерттеушілерге қол жетімді болмай келді. Әрі ұзақ жылдар бойы Ақыт ақынның мол дүниесі
қолдарында тұрған Қазақстан филологтарының еңбектерінен Ақыт туралы, оның
Достарыңызбен бөлісу: