1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет12/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Шеткі жүйке жүйесі
. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың 
ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі 
соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді. 
Соматикалық жүйке жүйесі
организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшықеттерін 
жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегментерінде, мидың 
барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі
барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. 
Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз 
бөлімдерінде орналасқан. Вегетативтік жүйке жүйесі 
симпатикалық 
және 
парасимпатикалық
жүйке 
жүйелерінен тұрады. 
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері орталық және шеткі (перифериялық) 
бөлімдерден тұрады. 
Симпатикалық жүйке жүйесінің
орталықтары жұлынның І-көкірек омыртқасымен ІІІ-бел 
омыртқасының арасында орналасқан. Перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен 
түйіндерінен, жүйкелер мен жүйке өрімдерінен тұрады. 
Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел және сегізкөз бөліктеріне бөлінеді. 
Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Ең жоғарғы түйінінен ми 
сауытының ішіне қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді жүйкелендіретін күре 
тамыры жүйкесі кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек жүйкелері тарайды. 
Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктердің жүйкелері көкірек қуысындағы мүшелер 
мен қан тамырларды жүйкелендіреді, мұнда үлкен және кіші құрсақ жүйкелері басталады. Олар 
диафрагмадан құрсақ қуысына өтіп, құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді. 
Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Олар жамбас қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды 
жүйкелендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет