1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы



Pdf көрінісі
бет2/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
. ХІХ ғасырда еңбек еткен 
ғалымдар балалр анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытудағы 
маңызын алғаш рет дәріптей бастады. К.Д.Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін 
білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін 
еместігін айтқан. 
Атақты ғалым физиолог И.П.Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға 
негізделуі керек,» - дейді. 1923 жылы И.П.Павловтың «Жануарлардың жоғары жүйке әрекеттерін 
объективті зерттеудің жиырма жылдық тәжірибесі» атты кітабы жарыққа шықты. Осы тұста 
А.А.Ухтомскийдің «Доминанта жүйке орталығының жұмысшы принципі» тақырыбында мақаласы 
шықты. Онда нейрофизиология мен жоғары жүйке әрекетінің физиологиясының дамуының маңызы 
туралы айтылған. 
Алғаш рет 1939 жылы А.Н.Северцев тұжырымдаған, кейіннен П.К. Анохин дамытқан 
системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды түрде болу негізінің 
жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды. 
А.А.Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне 
негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің 
қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкінділігінің қажеттіліктен артық 
болуы, оның жеке бөлімдерінің тұрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді. 
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу заңдылықтарына орыс ғалымдары 
И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, И.А.Аршавский, А.Г.Хрипкова, т.б. ат салысқан. Олардың еңбектерінің 
арқасында баланың жасына лайық шартты рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, 
сөйлеу қабілетінің қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы 
ортаның жағдайларына бейімделу заңдылықтары анықталды. 


Жасқа байланысты адам денесінің құрылысы мен қызметін зерттеудің пәрменді дамыған мерзімі 
1960-1980 жылдар. Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс алу, газ 
алмасу, асқорыту, зәр шығару ерекшеліктері, жүрек-қантамырлары жүйесінің өсіп дамуы толығымен 
зерттелді. 
Мектеп гигиенасы ғылымының қалыптасуы мен дәуірлеуі ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш 
және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап 
жүйеге келтірумен байланысты. 
Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзімі ХХ ғасырдың 70-90 жылдары. 
Балалар мен жастардың өсіп дамуына, денсаулығына, мүшелер жүйелерінің қызметіне оқыту 
барысындағы сабақ кестесі, еңбек мөлшері, күн кестесі, тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет