1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет1/72
Дата27.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#111192
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72


1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары 
1.
Кіріспе 
2.
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері 
3.
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы 
4.
Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары 
5.
Адам жасының кезеңдері 
 
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы ғылымның екі саласын қамтиды: 
физиология және гигиена. 
Жас ерекшеліктер физиологиясы
адам организмінің, жеке мүшелерінің, 
мүшелер жүйесінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастырады. 
Гигиена
денсаулық сақтау шараларын қарастырып, түрлі ұсыныстар жасайды.
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы физиология және биология 
ғылымдарының көптеген саласымен байланысты. Мысалы: цитология, гистология, анатомия, биофизика 
және биохимия және т.б. 
 
 
 
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері
:
1. 
Бақылау әдісі
– сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым 
салаларында кеңінен пайдаланылады. 
2. 
Тәжірибе әдісі 
екіге бөлінеді: табиғи және зертханалық. 
Табиғи тәжірибе
қалыпты жағдайда 
жүргізіледі. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру қызметін мектептегі 
оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді. 
Зертханалық тәжірибе
арнайы жасалған жағдайда жүргізіледі. 
3. 
Функционалдық жүктеме немесе сынау әдісі
. Бұл әдісте бала организмінің мүшелерінің 
қызметін, оған мөлшерленген жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын 
өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты 
жағдайында жүректің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м қашықтықты жүгіріп өткен соң 
оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да анықтайды. 
4. Антропометриялық әдісі (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) – балалар мен 
жасөспірімдердің өсуін анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем 
алғанда, дем шығарғанда, тыныштық күйінде), бас шеңберін және дене салмағын анықтайды. Дене 
салмағын таңертең аш қарынға, бала бойын жеңілдеткеннен кейін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет