Көкірек қуысы сүйектері - 12 жұп қабырға, төс сүйегі.
Адам денесінде
12 жұп қабырға бар. Қабырғаның басы, мойны және денесі болады. Омыртқамен
жалғасқан жерін басы, жіңішке жерін мойны, төс сүйегімен жалғасқан жерін денесі деп атайды.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ жұп қабырғаны
шын қабырға деп атайды. Олар тікелей шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді. ҮІІІ-Х жұп қабырғлар
ұзын шеміршек арқылы алдыңғыларымен жалғасады. Оларды
жалған қабрғалар деп атйды. ХІ-ХІІ жұп
қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Оларды
бос қабырғалар деп атайды.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2 айлығында ҮІ-ҮІІ қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа
келгенде қабырғааралық ортасы мен бұрышында тығыз сүйектері болады.
Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс сүйегінің
бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағындағы шеміршектері 15-
16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің арасы бітіп
кетеді, ал семсершесінің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Көкірек қуысының пішіні жұмыртқа тәрізді болады. 1 жастағы баланың көкірек қуысы конус
тәрізді. 12-13 жаста ересек адамдардыкіндей болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе
артериясын, өкпені қорғайды.
Партада дұрыс отырмаса баланың көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы
нашарлайды.
Аяқ-қол сүйектері – адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.
Иық белдеуін жауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары
иықбасы сүйктері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады.
Жауырын – жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшықет арқылы жалғасқан.
Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.
Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері
сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.