147
пішіні келіп елестейтіні – жақсы атқа бітетін мүшелердің бірін
қалдырмай жазғандықтан. Абай көп нәрсені білген, білген
нәрселерін
жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар,
мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп, тайсақтап,
тартынбаған. Хақиқатты хақиқат қалыбында, тереңді терең
қалыбында жазған. Хақиқатты тануға,
тереңнен сөйлеуге,
бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әртүрлі Европа білім
иелерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін, жазушы Әлихан
Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Льюс,
Дрепер деген Европаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын
оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең
пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған, сондықтан Абайдың
терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай,
ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып,
жаттап
алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің
мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар. Тіпті
осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Сол өленді алып
қарасақ, айтылған пікірде, ол пікірді сөзбен келістіріп айтуында
еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда. Сондай
түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау:
Көк тұман алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат та, сурет те жоқ, көзім талған.
Ол күндер өткен күнмен бәрі бір бәс.
Келер, кетер, артына із қалдырмас.
Соның бірі – арнаулы таусыншық, күн,
Арғысын бір-ақ Алла біледі рас.
Ақыл мен жан –
мен өзім, тән – менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы* – екі.
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе, өлсін, оған бекі!
Шырақтар, ынталарың «менікінде»,
Тән құмарын іздейсің күні-түнде.
Ғәділеттік, арлылық, махаббат пен
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.
148
Адам ғапыл дүниені дер «менікі»,
«Менікі» деп жүргеннің бәрі оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Соны ойлашы, болады не сенікі?
Мазлұмға
1
жаның ашып, ішің күйсін,
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.
Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп Иең сүйсін.
Көптің
бәрін көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек.
Ғаділет пен мархамат – көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек.
Әркімнің мақсұты өз керегінде,
Біле алмадым пысығын, зерегін де.
Саяз жүзер
сайқалдар ғапыл қалар,
Хақиқат та, дін-дағы тереңінде.
Абайдың осы сөзінің дұрыс емес, қате айтылған, теріп
айтылған, жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш нәрсесі жоқ. Бәрі
де дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар
түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына
ере алмағанын көрсетеді.
Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек. Абайдың
сөздері 1909-шы жылы кітап болып басылып шыкты, бірақ
жұртқа таралмай жатыр.
Басылған кітап Ақмола, Семей болысынан басқа болыстарға
таралмай жатқаны кісі таңқаларлық іс. Абайдың сөзін Семей
ләпкесіне қамап,
жасырып қоймай, күллі қазақ баласы бар
уалаяттардағы кітап сатушылардың бәрінің де магазиндерінде
жүргізу керек еді. Абайды қолымыздан келген қадірлі жұртқа
таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін
газетаға басып, көпке көрсетпекшіміз.
«Қазақ», 1913, № 43
1
Мазлұм – зұлымдыққа ұшыраған адам.