А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет46/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

сӨз Өнері
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) 
ақылға;
2) 
қиялға
; 3) 
көңілге
.
Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға 
салып ойлау. Қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі 
нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп 
ойлау. Көңіл ісі – түю, талғау.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың 
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жа-
рау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама 
қадарынша жарайды, бірақ тілді жұмсай білетін адам табы-
луы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, 
көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айт-


155
пай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жет-
кізу қиын екендігін мынадан байқауға болады: орыстың асқан 
ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. 
Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы Лев Толстой шығарған 
сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай өзгертеді екен. 
Бұл ойыңдағы, қиялыңдағы, көңіліңдегі нәрсені тілмен ай-
тып жеткізу өте қиын екендігін көрсетеді. Сөз өнері жүзінде 
асқан өнерпаздар мүддесін тілмен айтып жеткізе алмай, сон-
дай қиналғанда, өзгелерге ондай іс оңай болып табылар ма? 
Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген жұмыс әркімнің 
қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі 
бірдей жақсы бола бермейді.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да ішінде бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістрер қай баласы?, – 
деп Абай айтқандай, сөз шығаратындар көп, бірақ келіс- 
тіргендері аз болады. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай 
жүгіреді». Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрас- 
тырып, өз оңтайымен тізеді. Өз білуінше пікірлейді, сондықтан 
әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі 
болады. Ол айырым белгілерін жай айтып түсіндіру қиын. 
Әрқайсысының шығарған сөздерін оқып, әбден танысып, 
үйреншікті болғанда ғана сезілетін белгі. Шеберлердің 
қолынан шыққан нәрселермен таныс адам сол шеберлердің 
істеген нәрселерін қай жерде көрсе де айтпай таниды. Мәселен, 
пышақты көріп, «мынау пәлен ұстаның қолы екен» дейді; ерді 
көріп «мынау пәлен ершінің қолы екен» дейді. Сол сияқты сөз 
өнерпаздарының да шығарған сөздерін оқып, лұғатына үйір 
болғаннан кейін, оның бұрын оқылмаған, аты қойылмаған 
сөздерін де айтпай тануға болады. Сөздің өзін танытатын белгі 
– тіл яки лұғат белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен, 
өз оңтайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. 
Әркімнің өз салты болғанмен, ол салттар жалпы сөз тізу 
салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар 
әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, 
өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан 
сөз шығарушылар бәрінен бұрын шарттарын білу қажет.


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет