А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет93/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

тарих
.
 
Тарихты қазақша 
ұлы дерек
деуге әуезе табына 
жатқанмен айғақты әуезе болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипатты-
сы тарих. Тарихтың қызметі – бүтін адам баласының яки бүтін 
бір жұрттың, иә таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай 
айту. Тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей 
табиғат заңымен өзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан 
кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай 
сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді.
Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі 
түрінде тізеді. Тарихшылар құр істегенімен қанағаттанбай, рас, 
өтірігін тексеріп, расын ғана алады.


250
Шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың 
жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін 
ала бермейді. Аударып, ақтарып түрлі жағынан қарап, түрлі 
мағлұматтармен салыстырып, сипатталған мағлұматтардан 
ғана алады. Тарихшылардың мақсаты уақиғаның уақытын ғана 
көрсету яки не түрде болған тысқы сиқын ғана керсету емес, ол 
уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп 
болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру.
Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. 
Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін 
тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам мәдениет жүзінде 
жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп 
аталады. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» 
деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тари-
хы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын 
тағы сондай тарихтар.
Жалы тарихтар – түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жа-
пон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың 
тарихы.
тарихи әңгіме. 
Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, 
уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әнгіме деп 
аталады. Тарихи әңгіме тек лақап әңгімеден мазмұнның 
шындығымен айырылады. Жұрт аңыз қылып айтып жүрген 
әңгімелердің өтірігі көп болады. Тарихи әңгіме тарих асасына 
сүйенетін шын әңгіме болады.
Мәселен, «Қазақ» газетінде басылған «Әзірет Сұлтан», 
«Тұрғанбай датқа» турасындағы әңгімелер тарихи әңгіме бола-
ды (нұсқалықтың 13, 14-інші нөмірлерінен қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет