245
ше ойлау керек. Тиісінше ойлағанда ойымыз, ұғым түрлеріне
қарай, бірнеше тарапқа бөлінеді. 1) ғалам тарапына, 2) Құдай
тарапына, 3) ғылым тарапына, 4) әлеумет тарапына, 5) үгіт-
тәрбие тарапына, 6) сын тарапына.
Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі
бар нәрсенің барлығын яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-
жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде, адамға бір
үлкен ұғым пайда болады. Сол ұлы ұғым жүйесі
даналық
деп аталады. Даналық мақсаты бүтін ғаламды танып, бүтін
ғалам аталған дүниенің жұмбағын (дүние мәселесін) шешпек.
Даналықтың ес ұғымына тиісті жағы –
сап даналық
болады да,
іс ұғымына тиісті жағы –
салт даналығы
болады. Сап даналық
жолының өзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам арқылы
жетерлік те, бірі жетпестік те жағын зейінге салады. Алдыңғы
табансыз даналық
делініп, соңғысы
табанды даналық
делініп
айтылады.
Адамның зейіні Құдайды тану жағына жұмсалып, Құдай
турасындағы мәселені шешпек болғанда, дін пайда болып,
ұғым жүйесі жасалса, ол
ғақаид
деп аталады. Оның екі жағы
болады: бірі діннің негізі турасындағы
ес ұғым
болады да, біре-
уі дінге керек
іс ұғым
болады.
3. Зейін табиғат құбылысын тану жағына жұмсалып,
табиғаттың түрлі заңдарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден көз
жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі –
ғылым
деп аталады.
Ғылымның түрі толып жатыр, оның бәрін мұнда баяндау сөз
мәселесінің ісі емес.
4. Зейін әлеумет мәселесіне жұмсалып, әлеумет ісіне жол
сілтегенде,
көсемдік
ұғым жүйесі пайда болады.
Зейін табылған білімді басқаларға үйрету жолына
жұмсалғанда,
үгіт-тәрбие
ұғым жүйесі пайда болады.
5. Зейін басқанын ісін таразыға тартып, ұнамды, ұнамсызын
тексергенде,
сын
ұғымының жүйесі пайда болады.
Қара сөз деп осы ұғым жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді
айтамыз. Ұғым жүйесінің табы – қара сөздің табы болады. Қара
сөздің табынан түрін айыру керек.
Тап жағынан бірге сөз түр жағынан бөлек кетуі ықтимал.
Көптен бері көп жұртта қалыптанған түрлерін алғанда, қара
сөз:
әуезе
Достарыңызбен бөлісу: