А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет91/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

Шежіре
.
Шежіре өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. 
Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түсі, туысы көп айтыл-
ды, сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс 
сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған 
уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай тек болғанын 
айтады да қояды. Мәселен, қазақ жұртының өмірінде болған 
уақиғалардың түп себептері байласылмай, көбінесе хандардың 
түсін, елдердің туысын көрсетіп тізген Шәкәрімнің «Қазақ һәм 
хандар шежіресі» деген кітабындағы әңгіме шежіре болады 
(нұсқалықтың 1-ші нөмірін қара). Басқа жұрттардың да шежіре-
лерінде уақиғаны жылдап тізгенінен басқа еш тәртіп болмайды. 
Ел шапқан мен қатын-бала шапқан әңгімесі қатар тұрады; бір 
жерінде әңгімені қойылтып, маңызды түрде айтса, екінші жер-
де сұйылтып, ұсақ-түйекті сөз қылады. Бір жерінде рас болған 
уақиғаны сөйлесе, екінші жерінде тек жұрт аузындағы әуезе 
болған өтірік-шынды әңгімелерді сөйлеп кетеді.
Қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген 
шежіре, түрлі әңгіме жоқ, бірақ басқа жұрттардың шежіре-
лерінде айтылатын сөздер сияқты әңгімелер қазақта да бар. 


248
Орақ-Мамай, Едіге, Кенесарының Садығы турасындағы ауызда 
айтылатын әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің 
сөздері сияқты. 
заман хат. 
Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки 
өз ішінде болған істерден дерек беруі – заман хат деп аталады. 
Мәдени жұрттың адамында, заманында болған көзге түсерлік 
уақиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме 
ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей 
емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар 
құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жа-
зады, сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген 
дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиғаны уақыт са-
рынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хат-
та боларлық бір кемшілік мынау: Уақиғаны болған күйінше 
жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге 
ықтимал. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. 
Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне 
түспейтін яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам 
боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқарғы адам болмақ. 
Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан заман хаттары 
көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа 
беретін жемінің молдығынан заман хат өте құнды сөздер есебі-
не қосылады.
Заман хат жазушы жазуына керек жемді иә уақиғаның бо-
лып жатқан үстінен алып жазады, иә көп уақыт өткізіп уақиғада 
болған халдерді өзінің есіне алып жазады. Заман хат мағлұматы 
айтушынын есіне алынып жазылғанда жәт дерек деп айтыла-
ды.
Заман


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет