259
Әлеумет, шаруашылық, қазыналық, мектептік, соттық, сая-
саттық, тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзеу,
жаңалау, өзгерту керек болған кезінде,
халықты соған көсем
сөз арқылы ұйытып, көптің миына қондырып, көңіліне сіңіреді.
Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң,
кезіндегі шығып тұрған газет, журнал жүзінде шығады. Көсем
сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан,
жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса,
әлеуметті
түзейді. Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай
болған соң көсем сөз жазып,
әлеуметке басшылық қылатын
адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек. Әйтпесе,
дүмше молда сияқты, көбі көсемдік қыламын деп, әлеуметті
адастырып, пайда орнына зиян келтірмек.
(Көсем сөз мысалдарын нұсқалықтың
30, 31-інші нөмірлерінен қара).
Достарыңызбен бөлісу: