Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері



Дата26.12.2023
өлшемі27,32 Kb.
#143718

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұратыны туралы аталған заңның 3 бабында айқындалған. Әр уақытта Конституцияның нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын жүйелі әрі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері жүзеге асыру мәселелері қолға алынып келеді. Бұл ретте Конституцияның принциптері негізге алынады. Ол жерде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы ықтимал қиянат жасау мен сыбайлас жемқорлықты шектеуге ұмтылу міндеттері белгіленді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында негізгі заңның мәртебесін көтеру, жоғары заңдық күші бар және республика аумағында тікелей әрекет ететін нормативтік құқықтық акт ретінде іске асыру және оның барлық құқықтық жүйесі мен қолданыстағы құқықтарының негіздерін қамтамасыз ету ғылыми негізделген бағдарламалар мен актілерді әзірлеуді талап етті. Осыған орай саяси-құқықтық құжаттар үшін қоғам өмірінің заң саласын кешендік бағалау негізге алынып, конституциялық нормалар мен ережелерді құқық жүйесіне, заң практикасына, еліміздің егемендігінің объективті әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи факторларын ескере отырып, құқықтық идеологияға енгізу жолдары ұсынылды, қоғам, мемлекет және құқықтың өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, бұл мақсатта еліміздегі құқық жүйесінің құрылымын және оның ішкі қарама-қайшылығын, нормативтік құқықтық актілерді қамту және қолдану арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарының өзара байланысын, сыбайлас жемқорлықты жеңудің маңызды шарты ретінде қарастырылатын, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндетін бекіту ұсынылған.


2
Бағдарламалық құжаттар «Стратегия «Қазақстан-2050. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» және «Қазақстандық жол – 2050; Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» Қазақстан халқына арналған Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тәуелсіздік және демократиялық негізде, әрі қарай Қазақстанның даму стратегиясы анықталған мемлекет және қоғамды қалыптастырудағы маңызды тарихи кезеңнің аяқталғаны туралы айтты. Еліміздің тұрақты дамуының негізгі басымдылығы ретінде әлеуметті-экономикалық және рухани прогрестің дамуына кедергі жасайтын құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күрт күшейту қажет.
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық жетістіктерін жүзеге асыруға ықпал еткен біздің мемлекетіміздің іргетасты құндылығына – тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның және еліміздің тұрақтылығын азаматтар санасына кері бағыттарды енгізумен қауіпті.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік биліктің тиімді жұмыс жасауына зиян келтіреді, мемлекет және азамат арасында конституциялық құқытар және міндеттермен айқындалған тең әріптестікке негізделген өзара қарым-қатынастың жаңа үлгісін қалыптастыруға кедергі жасайды.
Сыбайлас жемқорлық «Нұр Отан» партиясының эволюциялық даму және демократиялық гүлденген, бәсекеге қабілетті және әлеуметті бағдарлы мемлекетті қалыптастыруға арналған миссиясын жүзеге асыруға тікелей қауіп тудырады.
Партияның саяси Доктринасында бекітілген әмбабапты құндылықтар – Адам, Еркіндік, Заңды Басылымидылық, Адалдық, Ынтымақтастық, Болашаққа деген ұмтылыс, Отбасы және дәстүрлер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға арналған идеялық негізді қалыптастырады.
«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдығының маңыздылығын және өзектілігін түсіне отырып, барлық қоғамды сбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда күштерді шоғырландырады. Сондықтан партияның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев және «Нұр Отан» осы әлеуметтік қауіппен жүйелі күресті жүзеге асырады.
Партияның бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңа азаматтық қоғамдық әртүрлі институтарды белсенді тарту есебінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумағы біршама кеңейтілді. Ашық пікір-талас және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар форумары барысында мемлекеттік емес секторлармен және басқада мақсатты іс-шаралар барсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың тиімді механизмдерін іздеу және жүзеге асыруға арналған ынтымақтастық туралы меморандумдар бекітілді.
Барлық деңгейдегі депутаттар, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, ұлтты-мәдениетті орталықтар, бизнес- қоғамдар, жастар және кәсіпті ұйымдар, ғылыми орта, сонымен бірге бұқаралық ақпараттық құралдар қатысумен қоғамдық кеңесті құруорталықта және жергілікті жерде партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының негізін ұйымдастыруға негіз болды. Осы барлық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тиімділігін шамалы жоғарлатуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға белсенді қатысуға қоғамды жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қазіргі уақыттағы қоғамдағы сыбайлас жемқорлық жағдайы, жыл сайын анықталатын сыбайлас жемқорлықты құқықты бұзу мөлшерінің өсуі, осы салада жалпы әлемдік бағытты әзірлеуге және сақталған стереотиптер және формальды тәсілдерді жоюға бағытталған жаңа тиімді шараларды қолдануды қажет етеді. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасы анықталған, бұл «сыбайлас жемқорлықпен күресу» барлығының және әрқайысының міндеті. Сыбайлас жемқорлық мемлекет және демократиялық негіздерді жоққа шығарады. Партия өзіне осындай еліміздің болашағы үшін тарихи жауапкершілікті ала отырып, азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша 2025 жылға дейінгі жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік күштерді максималды консолидациялауға бағытталған Қазақстанда және әлемде осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бағытында іс-әрекетті тәжіирбелерді ескерумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Бағдарламасын жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет