нәтиже
айтылады. Пікірді
мәністеу, дәлелдеу, сипаттау баяндамасында болатындықтан
баяндама
байымдаманың нағыз дендем бөлімі болады.
Сипаттау түрлі болады: 1. Мәністеп, дәлелдеп сипаттау бар.
2. Керек пікірді яки нәрсені басқа, соған ұқсас нәрселермен
салыстырып сипаттау. 3. Керек пікірді қостайтын, қуаттайтын
мысалдар келтіріп сипаттау бар. 4. Белгілі адамдардың айтқан
иә жазған пәтуаларын келтіріп сипаттау бар. 5. Қаралатын
пікірге қарсы пікірдің нашарлығын яки қателігін көрсетіп си-
паттау бар.
Байымдама әдістері.
Байымдама әдісі екі түрлі: 1) негізгі пікірді шығарманың
басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру бар.
Яғни әуелі жалпы пікірді айтып алып, оны бөлекей пікір-
лермен қуаттап байымдау бар. Бұл
жалқылау әдісі
болады.
254
2) Әуелі бөлекей пікірлерді айтып, жалпы пікірді солардың
дәлелдерімен қуаттап байымдау бар. Бұл
жалпылау әдісі
бо-
лады.
Ойлау оңтайы да екі түрлі: 1.
айырыңқы оңтай
, 2.
жиылыңқы
оңтай.
Талдама оңтай
– нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай
түсіндіргенде қолданатын оңтай.
Терме оңтай
– нәрсенің
мүшесін жинастыра, құрастыра, іріктей түсіндіргенде қолда-
натын оңтай. (Байымдама мысалдарын нұсқалықтың 20, 21, 22,
23-інші нөмірлерінен қара).
Байымдама түрлері
Қара сөз байымдаманың қатыспайтын шығармасы болмай-
ды. Әуезе, әліптеме, байымдама деп жіктерін бөлектеп көрсет-
кенімізбен, әуезе, әліптеменің қайсысына болса да байым-
дама кіріспей тұрмайды. Сондықтан байымдама түрлерін
көрсеткенде, байымдама жағы басым шығармалардың түрлерін
ғана көрсетуге болады.
Байымдама жағы басым шығармалар толып жатыр. Олар-
ды негізгі ұлы белгілермен айырғанда мыналар болады: 1)
пән
(ғылым), 2)
сын
, 3)
шешен сөз,
4)
көсем сөз
.
1.
Пән
(ғылым). Пән яки ғылым деп жүйеленген білімді ай-
тамыз. Жүйеленген білім жайын сөйлейтін байымдаманы да
пән яки ғылым дейміз. 1. Білім үйрету мақсатпен де, үйлестіру
мақсатпен де жүйеленеді. Қай мақсатпен жүйеленсе де,
жүйеленген білім пән (ғылым) болады, сондықтан ғалымдардың
білімді таза білім жүйесімен жүйелеп шығарған кітаптары да,
үйретушілердің білімді тек үйрету қолайына қарай жүйелеп
шығарған оқу кітаптары да бәрі пән табына жатады (пән мыса-
лы: оқу кітаптары, пән кітаптары).
2. Сын.
Сын деп адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға
беруді айтамыз. Сынға салуға болады – ғылымнан шыққан
нәрсені де, өнерден шыққан нәрсені де, кәсіптен өнген нәрсені
де, қоғамшылықпен құралған нәрсені де. Ол нәрселер көп адам
күшімен, ісімен жасалған мемлекет сияқты ұлы нәрсе болуға да
ықтимал. Жалғыз адам жасаған ұсақ нәрсе болуға да ықтимал.
Адамның қай ісінен шыққан нәрсе болса да, сынға салудағы
255
мақсат – жақсы, жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таны-
ту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне
дұрыс, терісін көрсету. Өнер тарапынан шыққан нәрсе болса,
мақсатқа сәйкес келген-келмегенін көрсету. Кәсіп тарапынан
шыққан нәрсе болса, тіршілікке жайлы-жайсыздығын көрсету.
Қоғамшылық тарапынан шыққан нәрсе болса, адам қалпына
қолайлы келу-келмеуін көрсету, сүйтіп адам ісінен шыққан
нәрсенің түрлісі түрлі мақсатпен сынға түседі.
Әдебиет адам ісінің бір түрінен шыққан нәрсе болғандық-
тан, бұ да сынға түспек. Мұның түрлісі түріне қарай сынға
түседі, бірақ қайсысы сынға түссе шығармалардың түсетін
сынының жалпы аты –
Достарыңызбен бөлісу: |