Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет31/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

дактилоскопиялық пленка
(Дактилоскопическая пленка) – оқиға болған жерде табылған 
аяқтарының, қол бедерінің іздерін жəне т.б. беткі қабаттағы іздерді алу жəне бекіту үшін 
қолданылатын криминалистік ғылыми-техникалық құрал. Д.п-ның: ақ, қара жəне түссіз 
түрлері болады.
диссимуляция
- өзінде бар ауруды қасақана жасыру. 
дактилоскопиялық ұнтақтар
(Дактилоскопические порошки) – көрінбейтін қол, жалаң 
аяқ іздерін анықтауға арналған ғылыми-техникалық құралдар. 
дактилоскопиялау
(Дактилоскопирование) – тірі адамның немесе өліктің барлық 
саусақтарының таңбаларын түсіру. Алғашқы кезде Д. үшін бетіне бапалық бояу жағылған 
шыны пластина жəне резеңке білік пайдаланылған, қазіргі кезде арнайы бояу құрамдары 
пайдаланылады. 
дактилоскопиялық лупа
(Дактилоскопическая лупа) – папиллярлық өрнектерді жəне 
олардың белгілерін зерттеу үшін құрылғымен жабдықталған арнайы лупа. 
дактилоскопиялық формула
(Дактилоскопическая формула) – екі қарапайым бөлінді 
ретінде берілген саусақтардың папиллярлық өрнектерінің кодталған (цифр арқылы) 
жалпы сипаттамасы. Қазіргі кезде дактилоскопиялық тіркеуді автоматтандырғанға 
байланысты Д. тек қана дактокарталарды картотекаларда қолмен іздеуде ғана 
пайдаланылады. 
дактилоскопия
(грек. daktilos – саусақ, skopeo – қарапайым) – адам терісінің, көбінесе қол 
саусақтарының папилляр өрнектерінің қасиеті мен сипатын, оларды анықтаудың құралы 
мен əдістерін, оқиға болған жерден табылған іздер бойынша криминалистік тіркеу жəне 
теңестіру мақсатында белгілеу, алу жəне зерттеуді оқып-үйренетін трассологияның 
тарауы. 
дактилоскопия
(грек. daktilos – саусақ, skopeo – қарапайым) – оқиға боған жерде табылған 
іздер бойынша идентификациялау жəне криминалистік тіркеу мақсаттарында зерртеу 
жəне табу, алу, бекіту əдістері мен тəсілдерін, папилляр өрнектерінің қасиеті мен 
сипаттамасын зерттейтін трассологияның бөлімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет