Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет1/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Глоссарий



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 1 Барлығы 30
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы:
Құқықтану 
Шифр:
5В030100 
Пән:
Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі 
 
Глоссарий
Идентификациялық белгілер 
арқылы объектінің қай текке, топқа жататындығы 
анықталады. Жалпы белгілер бір текті объектілермен сипатталады. 
Антропометрия
– 
қылмыскерлерді криминалистік /қылмыстық/ тіркеуге алу жүйесі. 
Тіркеуге алынатын адамның белгілі бір дене мүшелерін өлшеу нəтижесі арқылы тіркеу 
картасына енгізу. А-ны – қолданудағы ұқсас əрекеттер 1863 жылдан кейін Ресейде 
жүргізілді. А. негізін қалаушы Бельгия статисті А.Кетле: «Дене мүшелерінің көлемі бір-
біріне сəйкес келетін екі /бірдей, ұқсас/ адам жоқ жəне нақты белгілі бір жаста адам 
сүйегінің ұзындығы өзгермейді» - деп санады. Париж полициясының шенеунігі 
/чиновнигі/ А.Бертильон антропометриялық тіркеу жүйесінде толық зерттеу жұмысын 
1879ж. жүргізді. Ол – статист Кетленің антропометриялық негізіне сүйене отырып, адам 
денесін өлшеудің 11 түрін жүргізуді көрсетіп /бойының, отырған кездегі денесінің 
ұзындығына, бойының ені мен көлеміне, құлағының, қолының, саусағының, табанының 
ұзындығына жəне кеудесінің көлеміне жəне т.б. байланысты/, өлшеу нəтижесін арнайы 
тіркеу карточкасына енгізуді ұсынды. Бұл өлшеу қорытындысының жиынтығы адамды 
идентификациялау құралы қызметін атқарды. Бертильон 1881ж. өз жүйесін 
«Антропометрияны тəжірибеде қолдану» - деген кітапшасында ашып көрсетті. 1882ж. 
антропометрия париж полиция префектурасында сынақ, тəжірибе жүзінде жүргізілді. 
Дактилоскопиялау 
– тірі адамның немесе өліктің барлық саусақтарының таңбаларын 
түсіру. Алғашқы кезде Д. үшін бетіне бапалық бояу жағылған шыны пластина жəне 
резеңке білік пайдаланылған, қазіргі кезде арнайы бояу құрамдары пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет