Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет30/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

гомеоскопиялық белгі
(Гомеоскопический признак) – теңестіру жүргізуде адам ізінен 
көрініс алатын белгі.
ғылыми-техникалық құралдар(
Научно-технические средства) – дəлелдемелерді 
анықтау, іздеп табу, алу жəне зерттеу үшін заңды түрде қолданылатын құралдар, арнаулы 
жпбдықтар, материалдар. 
дәлелдемелердің іске қатынасының болуы
(Относимость доказательств) – фактілі 
деректердің қылмысты істің мəн-жайларын шешуге қатынасының бар болуы, олардың 
қылмысты дəлелдеуге керектігі.
дәлелдеу міндеті
(Обязанность доказывания) – қылмысты істерді тергегенде жəне сотта 
қарағанда қылмысты дəлелдеу белгілі бір лауазымды адамдарға жүктелуі. ҚР қылмыстық 
істер жүргізу заңы бойынша қылмысты дəлелдеу сотқа, прокурорға, тергеушіге, анықтама 
жүргізуші тұлғаға жүктеледі. Қорғаушы (адвокат) заң шеңберінде сезікті адамды, 
айыпкерді, сотталушыны анықтайтын не оның жазасын жеңілдететін мəліметтерді жинап, 
оның тергеу органдарына, сотқа ұсынады. Айыпкер өзінің кəнісіз екенін дəлелдеуге 
міндетті емес. Іс бойынша қандай да күмəн туындаса, ол айыпкердің пайдасына 
талқыланады.
динамикалық із
(Динамический след) – екі объектінің байланысқа түсуі арқылы пайда 
болады. Із түсірушы объект із қабылдаушы объектінің үстіңгі қабатымен жылжып 
отырады. Қимылдап жүру арқылы пайда болатын із. Мыс.: шананың ізі, машина 
дөңгелегінің жəне т.б. іздері. 
детальды түсіру әдісі
(Детальная сьемка) – оқиға болған жерді қарау, тінту жəне т.б. 
қылмыстарды тергеу үстінде қолданылатын суретке түсіру əдістерінің бірі. Д.т.ə. мақсаты 
табылған заттай дəлелдемелердің қасына міндетті түрде масштабы сызғыш қойып, оның 
көлемі мен мөлшерін көрсете отырып суретке түсіру. Мыс.: мəйіттің денесінде жарақат 
т.б. болса, сол жарақат, дақ, жараларды өлшеу əдісін қолдана отырып жеке түсіру. 
доға тәріздес өрнек
(Дуговой узор) – папиллярлы өрнектің бір түрі. Д.т.ө саусақтың 
орталық ағымының папиллярлы сызықтары бір жағынан басталып центрге келгенде, 
көтеріледі жəне саусақтың екінші жағынан аяқталады. Д.т.ө-те дельта болмайды. Д.т.ө. 
өте аз кездеседі, бар-жоғы 5 пайыз. 
дайындық кезеңі
(Подготовительный этап) – кез-келген тергеу əрекеті үш кезеңнен 
тұрады. 1. дайындық кезеңі; 2. жұмыс жасау кезеңі; 3. қорытынды кезең. Д.к. қажетті 
барлық мəліметтерді жинаудан, жедел-тергеу тобын құрудан, техникалық құрал-
жабдықтарды дайындаудан жəне т.б. тұрады. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 17 Барлығы 
30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет