Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет21/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Эйзенхауэр матрицасы
Басымдылықты дұрыс қоя білудің ең қарапайым жолы –
әрбір істі «маңыздылығы» мен «жеделдігі» тұрғысынан бағалап
шығу. Мұны Эйзенхауэр матрицасының көмегімен жасауға
болады. АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің пайдаланған
матрицасына сәйкес, әрбір істі маңыздылығы мен жеделдігіне
қарай төрт топқа бөлуге болады:


А – маңызды әрі жедел (маңызды тапсырмалар, шұғыл істер,
қауырт жағдайлар)
Ә – маңызды және жедел емес (ұзақ мерзімді жоспар,
диплом жазу не емтиханға дайындалу)
Б – маңызды емес, жедел (телефон қоңыраулары, күтпеген
қонақ, туындаған мәселелер)
В – маңызды емес, жедел емес (уақытты ұрлаушылар)
«А» тобындағы істерді шұғыл түрде орындау қажет.
«Ә» тобындағы істер маңызды болғанымен, орындалу керек
уақыты әлі ерте. Алайда ертеңге қалдырыла берсе, А
тобындағы шұғыл істер санатына ауысуы бек мүмкін.
Сондықтан диқанның егін оратын мезгілде дән екпейтіні
сияқты мұндай істерді де ертерек қамдап қоюға тырысу
қажет.
«Б» тобындағы істер сізге маңызды болып көрініп алдауы
мүмкін. Адамдардың көбі бұл істердің жеделдігін маңыздылық
деп шатастырады. Алайда бұл істерді орындамау да адамды
әбігерлікке түсіреді. Сондықтан барынша қысқа уақытта
бірден істеп қоюға тырысқан жөн.
«В» тобындағы істер – адамға жағымды әрі қызықты болып
көрінетін пайдасыз уақыт ұрлаушылар. Адам бұл істерге
алтын уақытын жұмсап, соңында уақытының қайда кеткенін
білмей де қалады. Мұндай істермен айналысу алтынға бергісіз
барлық уақыт қорыңызды жұтып қояды.


Қағидаға сүйеніп, жоспар құрып, маңызды әрі жедел істерді
орындап болған соң көңіл көтеруге де уақыт табуға болады.
Эйзенхауэр матрицасының артықшылығы:


Қолданылуы жеңіл;


Маңызды емес істерді азайтуға көмектеседі;


Қай іске басымдылық беру қажеттігін жылдам анықтайды.
30

ІСТІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРМАУ
Өткен уақытты қайтарып әкелу мүмкін емес. Сондықтан да
ізгі амалдар жасаудың күні – бүгінгі осы күнің. Сол үшін де
«Ертең істеймін!» дейтіндер құрыды.
Әзірет Омар (р.а.) былай деген:
«Төрт нәрсе еш уақытта қайта айналып келмейді:

Айтылған сөз,

Атылған оқ,

Өткен өмір,

Жіберіп алған мүмкіншілік».
31
Біздің әрбір сәтіміз белгілі бір мүмкіндік алып келеді. Сол
мүмкіндікті дер кезінде игеріп қала алсақ, бізге орасан зор
пайдасы болмақ. Керісінше жағдайда ол мүмкіндік қайта
айналып келмейтіндіктен, одан мәңгілікке айырылған боламыз.
Сондықтан мүмкіндік болып тұрған шақта ісімізді ешқашан
кейінге қалдырмауға тырысуымыз қажет. Істі кешіктіруді жақсы
білгеніміздей орындауды да солай үйрену керек.
Біз әрдайым бір істерді кейінге қалдырудамыз. Алайда
кейінге 
қалдырып 
жатқанымыз 
өз 
өміріміз 
екендігін
аңғармайтынымыз өкінішті-ақ. Сондықтан ісімізді кейінге


қалдыру өзімізге зиянын тигізетінін ойлауымыз қажет. Хасан
Басри бір сөзінде осыны ескертіп кеткен: «Адам бос қиялға
беріліп ісін кейінге шегергенде оның зардабын көрмейтін кезі
болмақ емес».
Алланың 
алдындағы 
парыз 
болған 
құлшылықтарды
орындауды да ешқашан кейінге қалдыруға болмайды. Ақыл-есі
дұрыс мұсылман адамға балиғат жасынан бастап белгілі бір
міндеттемелер жүктеледі. Күнімізде көз көріп жүргендей
кейбір жандар осы міндеттерін зейнетке шыққан уақытқа
қалдыруда. Яғни, кейін зейнетке шыққанда не пәлен жасқа
келгенде тәубе етіп, барлығын тастап, намаз оқып, құлшылық
етемін деуде. Ал Алла Елшісі (с.а.с.) болса осылай
жауапкершілігін орындамай, кейінге қалдырушыларды «өтірікші»
деп атаған, ал ондай «өтірікшілер құрдымға кетті» деген.
32
Сондай-ақ мына бір хадисі де осы мәселе жайында ой
саларлық: 
«Мақтанып, 
тәкаппарланып, 
бүлік 
шығарушы
болмаңдар, жақсы әрі пайдалы саудадан басқа сауда жасамаңдар.
Расында, олар ізгі амалдарды кейінге қалдырушы өтірікшілер».
33
Линда Сападиннің «It’s about Time» (Бұл – уақыт жайында)
кітабынан мынадай тұжырым көре аламыз: «Істі кейінге
қалдыру адамның өз-өзін бағалауын төмендетеді, ол өз
кезегінде өмірге деген оң көзқарас, бақытты сезіну мен
шығармашылық күш-қуаттан айырады. Ісін кейінге қалдыруды
әдет еткен жандар одан арылу үшін еш нәрсе істемейді, олар
үшін мақсаттарына жету былай тұрсын, мақсат қоюдың өзі
қиынға соғатын болады».
34


Істі кейінге қалдыру кей кездері істі аяқтауды кейінге
қалдыру түрінде орын алады. Ал мұның тіпті зиянды әдет
екенін әйгілі Америкалық психолог Уильям Джеймс «Аяқсыз
қалған істің уайымынан асқан қажытатын жайт жоқ» деп
ескертіп айтып кеткен. Яғни, бұл әдет адамды сары уайымға
салып, күйзеліске ұшыратады. Уайымға берілу деген адамдың
денсаулығына кері әсерін тигізумен қатар, оның уақытын да
босқа өткізеді. Ақылды адам уайымға беріліп, уайымның,
күйзелістің алтын уақытын ұрлауына жол бермеуі қажет.
Мұсылман жанның сөздік қорында «күйзеліс» (депрессия,
стресс) деген сөз тіптен болмауы керек.
Сондықтан «Бұл тым күрделі», «Мүмкін барлығы өз-өзімен
шешілер», «Мүмкін бұл істі басқа біреу орындар», «Менің
көңіл-күйім жоқ», «Мен мұны істегім келіп тұрған жоқ» деген
сияқты сұм ойлар келмей тұрып, іске кірісіп кету қажет.
Себебі Бенджамин Франклин айтып кеткендей, «Сен күттіруің
мүмкін, бірақ уақыт күтпейді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет