білмейсің!»
38
Бәлкім бақытсыз, бәлкім бақытты, бәлкім өлі,
бәлкім тірі... Ғалымдар осы секілді кеңестерден төмендегідей
қорытынды шығарған: «Ақылды әрі көреген адамдар – ертеңгі
күнге жете алмауы мүмкін екендігін түсініп, қазіргі күнінің
әрбір сәтін тиімді өткізіп, сол жолда күш жұмсай білгендер».
39
Әзірет Әлидің (р.а.) де төмендегі сөзі қажетті ескерту болып
табылады: «Дүние әрбір сәтте бізден алыстауда, ал ақырет
болса бізге жақындап келеді. Бұлардың екеуінің де өз
таңдаушылары
бар.
Сендер
ақыретті
таңдаушылардан
болыңдар, дүниені таңдаушылардан болмаңдар. Себебі бүгін
амал бар, есеп жоқ, ертең есеп бар, амал болмайды».
40
Әсіресе, жастық шақта әрбір күнді барынша тиімді өткізуді
үйрену үшін бұл ескертулерді дұрыс ұғынып, қажетті түсінікті
қалыптастыру қажет. Себебі жастық шақ – келмеске кете
баратын уақыттардың ішіндегі ең құндысы. Жастық шақта
әрбір күнін өз уақытында тиісінше пайдалана білген жан
фәни дүниесі үшін де, ақыреті үшін де көптеген маңызды
шаруалар тындыра алады. Және әдет болып қалыптасқан бұл
ісі өмірінің кейінгі кезеңдерінде де жалғасын таба бермек.
Достарыңызбен бөлісу: