Бесінші уақыт ұрлаушы фактор – істі кейінгі қалдыру әдеті.
Бұл әдет адамның уақытын ғана емес, өмірін де ұрлайды.
Одан құтылу сіздің бүкіл өміріңіздің өзгеруіне жағдай
жасайды.
Бұл әдеттің тамырына балта шабатын жеті тәсіл бар:
Қағазға жазып жоспар құрыңыз. Мұқият дайындалыңыз.
Әрбір әрекетіңізді алдын-ала ойластырыңыз. Тапсырмаңызды
әрбір қадамына дейін анықтап жоспарлаңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын барлық қажетті құрал-
жабдықтарыңызды сайлап алыңыз. Кейін алаңдамас үшін
алдын-ала дайындап қойған жөн.
Алғашқы қадамды бастаңыз. Көбіне алғашқы 20%
әрекет
жұмыстың нәтижесінің 80%-ына қол жеткізеді. Басын
бастап алсаңыз, ары қарай жалғастыру жеңіл болады.
Алдағы тапсырмаңызды бөлімдерге бөліп алыңыз. Кейде
ауқымды жұмысты бөлімдерге бөліп алып, аз-аздан орындап
отырып алға жылжу ол тапсырманы аяқтаудың таптырмас
жолы бола алады.
Жұмыс уақытыңызда бес минуттық үзілістер арнап, ол
сәттерде қысқа уақытта жасалатын
істеріңізді бітіріп алуға
пайдаланыңыз. Солайша жалпы жұмысты жайлап бөліп-
бөліп аяқтайтын боласыз.
Жұмысты кейінге қалдыруға бейімділіктен арылу үшін
алдымен жеңіл әрі көлемі шағын істерден бастаңыз. Бұл
алғашқы қадам жасап алып, кейіннен қиынырақ істерге
кірісуге мүмкіндік береді.
Кей-кейде керісінше ең
ауыр істен бастау да қажет
болады. Ең көп уақыт алатын жұмысыңыздан бастап
атқаруға өзіңізді көндіріңіз. Оны аяқтаған соң басқалары
анағұрлым жеңіл болатындығына көзіңіз жетеді.