6.Тақырыбы: Бҥгінгі білім беру жҥйесіндегі этномәдени таным мен тәрбие Сағат саны: 1 Тақырыптың жоспары: 1.Этномәдени білім беру – қазіргі заман талабы. Этникалық мәдениет
заңдары.
2.Этномәдени білім берудің әдіснамалық және теориялық тұжырымдары мен қағидалары.
3.Этномәдени білім беру категориясы.
4.Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары.
Дәріс тезисі Этномәдени білім беру – бұл тұлғаның ұлттық мәдениетті және тілдің сәйкестігін
және жтникалық топтардың ӛзіндік тұрмысын сақтауға және бір мезгілде басқа мәдениетті
меңгеруге бағдарланған білім беру үлгісі. Әрбір ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
мәдениеті болатыны белгілі. Ұлттық мәдениеттің қайнар кӛзі оның рухани азығының асылдық
қасиеттеріне байланысты. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол
ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін
дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ұлы ғұламалар әл-Фараби, М.Дулати,
Ж.Баласағұн, Абай, Шоқан, Ыбырай, т.б. ұлттық мәдениеттің жай-күйін айқын ашып, оны
дамытудың жолдарын кӛрсетті. Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту
ерекшеліктері оның ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық рухани болмысын кӛрсетеді.
Белгілі ғалым А.Қасымжанов: «Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай
келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы
кезеңдерін ғылыми түрде айқындап кӛрсетті. Ағартушылық – қазақ халқының ХІХ ғасырдағы
рухани мәдениетінің маңызды бӛлігі болып табылады», - дейді. Ұлттық мәдениеттің даму
кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың ұлттық педагогикасымен сабақтасып жатқанын
кӛреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал тәрбие дүниетаныммен,
ӛмір заңдылықтарымен тығыз байланысты. Мәдениеттің ӛмірдегі кӛрінісі – ұлттық тәрбиенің
жемісі.