бүгінгі күндегі ӛзектілігі. Түркі халықтарының VII-VIII ғасырлардағы мәдени мұраларының
қатарында есептелетін Орхон-Енисей жазбалары Енисей ӛзені
мен Моңғолия астанасы
маңындағы Орхон ӛзенінің бойынан табылғанын, ол тасқа қашап жазылған әйгілі Тоныкӛк,
Күлтегін, Білге қаған жырлары екенін қазіргі күні кӛзі қарақты жандардың барлығы біледі.
Сондай-ақ, басы барды идіріп, тізеліні бүктірген түркі халқының далалық империя құрып,
ӛркениет жасағаны тарихтан мәлім. Бұл күнде Орхон-Енисей жазбаларымен қосып
есептегенде түркі жұртының сырлы тарихын 150-ден астам ескерткіштен оқуға болады екен
және мұның бәрі түркі жазуы деп есептеледі. Бүгінгі түркі мемлекеттері сақтар мен
ғұндардың, Түрік қағанатының заңды жалғасы еді.
Алтын сарайларда тұрып, алтын тақта
отырған, алтыннан киім киген, ӛлісін де алтыннан киіндіріп кӛмген, байтақ тарих жасаған,
ӛнеге қалдырған бабаларымыз ешқандай да озбырлар мен жабайылар болған жоқ. Бодан
болған екі ғасыр ішінде тарихымыз табанға тапталды. Кеңес дәуіріндегі біздің тарихымыз
саясаттың құрбанына айналды. Соның салдарынан ел жадынан айырыла жаздады.
Түркітектес халықтардың бағы тәуелсіздік дәуірімен бірге жанданды.
Бекіту сұрақтары:
1.
Руникалық жазбалар дегенді қалай түсінесіздер?
2.
Тасқа қашалып жазылған жәдігерлердің тарихи
құндылығын қалай дәлелдеуге
болады?
3.
Күлтегін жазбалары – түркі халықтарының баға жетпес мұрасы дегенді қалай
түсінесіздер?
Әдебиет
1.
Қыраубаева Алма. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі, 1991. 2-
басылымы / Баспаға әзірлеген: Н. Мәтбек. – А., 2013. – 374 бет.
2.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Том 2. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет.
Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. – 526 б.
3.
Келімбетов Немат. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: «Ана тілі», 1991. – 264 б.
4.
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d9c/d9c82850e147c5a1151b07db
6cf24ecd.pdf&ln=kz
Тақырыбы
:
Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки мұрасындағы түркілік таным
Сағат саны
1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Әбу-Насыр әл Фарабидің «Риторика» трактатында
айтылған ой-тұжырымдардың
құндылығы.
2.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліг» жинағындағы шешендік шеберлік.
3.
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы даналыққа құрылған
қазына.
4.
Қожа Ахмет Яссауидің ғибратқа толы толғаулары.
5.
Ахмет Югнакиде дала табиғатына лайық ой-пікірлері.
Дәріс тезисі
Ортағасырлық Түркі ғалымдары мен ойшылдары мұрасындағы адамдарды рухани
тазалыққа, имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, ӛмір бойы жете түсуге,
дін ережелерін
меңгеруге, мейірімділікке, қанағатшылдыққа шақыру идеясы. Дүниежүзілік ғылым мен
мәдениетте кӛрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым,
Шығыс
Ренессансының кӛшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми-
әдеби мұрасы. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия,
тіл білімі,
эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған
энциклопедист-ғалымның еңбектері.
Күншығыс елінің рухани ұстазына айналған ақын, ойшыл, ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің
дүниетанымы, әдеби мұрасы. «Диуани Хикмет» дастанындағы жомарттық, қанағат, достық,
сүйіспеншілік, ғылым-білім, адал еңбек, бейбітшілік, жақсылық пен жамандық, әділетсіздік,
кӛрсеқызарлық, адамзаттың асыл арманы. Ясауи хикметтерінің тағылымдық мәні.
Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі. Оның тіл,
әдебиет, тарих, заң, мемлекеттік басқару жүйесі, пәлсапа, космология,
гносеология, этика
салаларын қамтитын «Құтты білік» дастаының құндылығы.
Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық дастанының тақырыбы мен
идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» – fқын ӛмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен
мінез-құлық нормаларының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: