158
оқушылар ұжымының педагогтар ұжымымен, басқа қоғамдық
бірлестіктермен ынтымақтастығын дамыту;
ұжымдық өзін-өзі басқаруда оқушыларды дағды мен білікті
қалыптастыру және дамыту;
әрбір жеке тұлғаға көшбасшы бола білу қабілетін оятып, оны жетілдіру;
ұжымды басқаруда оқушыларды орталықтандыру мен демократиялық
алғышарттарды үйлестіре білуге үйрету;
түрлі мәселелерді шешіп, шешім қабылдауда (оқу, өндірістік, тәрбиелік,
тұрмыстық және т.б.) жеке және ұжымдық жауапкершілікті ажырата білу;
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жетілдіру;
әкімшілік, кәсіподақ ұйымы және үлкен кісілермен өзара үйлесімді
жұмыс істеу қабілетін өз құқықтары мен еркіндігі негізінде қалыптастыра білу.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – қоғамдық маңызы бар мәселелерді
шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың жариялылық бағыттағы
формасы.
Соған сәйкес оның өзіндік белгілері:
дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;
оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес
шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;
сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық
жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы және т.с.с.
Бұдан шығатын қорытынды ретінде,
өзін-өзі басқарудың негізгі
ұстанымы:
«Өзіміз іс-шараны ойластырамыз».
«Өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз».
«Өзіміз қорытынды жасаймыз».
12-кестеде оқушылардың өзін-өзі басқару әрекетіне оң және теріс әсер
ететін факторлар топтастырылды.
Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: