Нуржігіт Алтынбеков
Бӛлімі - Scotobacteria
Тұқымдастығы- Enterobacteriaceae
Туыстастығы- Escherichia
Түрі - Escherichia coli
Морфологиялық варианты (марфовар)- ―S‖ пішінді
Биохимиялық варианты (биовар) - Lac
+
Патогендік варианты (патовар) - Ent
+
энтеропатогенділік плазмида
Серологиялық варианты (серовар)- 0-55, 0-26, 0-ІІІ т.б.
Фагтық варианты (фаговар) - 2
Микробтардың түрден тӛменгі таксондарын, яғни варианттарын
анықтаудың эпидемиологиялық маңызы бар.
Негізгі таксономиялық бірлік- ол түр болып есептелінеді.
Түр (вид) - бұл генотипі және шығу тегі бір, биологиялық белгілері
бойынша ұқсас, ұрпаққа берілетін тиісті үрдістер қоздыра алатын
қабілеттілігі бар микроорганизмдер бірлестігі.
Штамм- бұл әр жерден немесе бір жерден бірақ әртүрлі мерзімде
(уақытта) бӛлініп алынған бір түрге жататын микроб дақылы. Бір түрге
жатқанымен штамдардың вируленттілігі, антибиотикке тӛзімділігі немесе
ферменттік белсенділі бойынша айырмашылығы болуы мүмкін.
Клон - бір бактериалық жасушадан алынған бактериялар популяциясы
(ұрпағы).
Таза дақыл- микробтың бір түрінен тұратын дақыл жиынтығы.
Бактерияларды жіктеу (классификациялау) 18 ғасырда басталған
болатын. Алғашқы кездегі жіктеу бактериялардың морфологиялық
қасиеттеріне негізделген еді. Тірі әлемнің жіктеуін ұсынған К.Линней (1707-
1771) микробтардың барлығын жалпы бір туыстастыққа жатқызды - оны хаос
(chaos) деп атады. О.Мюллер микробтарды 3 туыстастыққа
бӛлді-
бациллалар, спириллалар, вибриондар. Петри (1852) микроорганизмдерді 2
топқа бӛлді:
І. Protozoa, II. Protophyta. Ценковский (1855) микробтарды жануарлар
және ӛсімдіктер тобына жатады деп бӛлді. Леман және Нейман (1860) барлық
микроорганизмдерді 3 тұқымдастыққа бӛлді: Corraceae, Spirillaceae,
Bacteriaceae. Шаттон (1937) барлық тірі жасушаларды эукариоттарға
(жануарлар мен ӛсімдік тектестер) және прокариоттарға (бактериялар) бӛлді.
Қазіргі кезге дейінгі белгілі микроорганизмдерді жіктеу бактериялардың
морфо-физиологиялық қасиеттерінің ұқсастығына негізделген және
тәжірибелік мақсаты - микробтардың бір-бірінен жылдам ажырату үшін
оптималды кілтін табу. Міне осындай жалпы қабылданаған прокариоттардың
Халықаралық классификациясын Бергидің бактериялар анықтауышы жатады
(Bergey`s manual of Sistematic Bacteriologi). Бұл анықтаушының негізінде
прокариоттардың құрылымы, яғни олардың жасуша
құрылысының
ерекшелігі жатыр.
Прокариоттар
мен
эукариоттардың
жасушалық
құрылымының
айырмашылықтары:
8
Прокариоттар
Эукариоттар
Нуклеоид цитоплазмадан арнайы
мембранамен оқшауланбаған.
Цитоплазмадан мембранамен
бӛлінген,оқшауланған ядросы бар.
Бір сақиналы (кольцевая) хромосомасы
бар.
Бірнеше хромосомасы бар.
Митоз болмайды.
Митоз болады.
Жасуша қабатының құрамында
пептидогликан бар.
Жасуша қабатында пептидогликан
болмайды.
Цитоплазмалық органеллелар
болмайды.
Цитоплазмалық органеллалары
болады.
Цитоплазмадағы рибосомалар типі 75S. Цитоплазмадағы рибосомалар типі
80S
Жасушаның құрғақ массасы 10
-15
- 10
-11
. Жасушаның құрғақ массасы 10
-11
-10
-7
Прокариоттар әлемі бӛлімдерден тұрады. Ыңғайлы болу үшін
бӛлімдерді топтарға бӛледі.
Топ (группа) – таксономиялық статусы жоқ, рангадан тыс түсінік.
Микробтарды жіктеуде математикалық әдіс те қолданылады, мысалы
нӛмірлік талдау (нӛмірлік таксономия). Бұл әдісті А.Адансон (1757)
ұсынған. Бұл әдіс бойынша зерттелетін обьектінің мүмкіндігінше кӛптеген
белгілерін 50-ден 300-ге дейін зерттеу кӛзделген. Зерттелетін белгілерінің
барлығының маңызы бірдей, бағалау және жіктеу осы белгілердің бір-бірімен
сәйкестелуіне, яғни корреляциясына негізделген. Нӛмірлік таксономияны
алғашқы рет бактерияларды жіктеуге Смит (1957) қолданды. Электронды
санаушы машиналар (ЭВМ) қолданыла бастағаннан кейін бұл әдістің
мүмкіндігі күшейіп отыр.
Генетикалық жүйеде болашағы күшті әдіске ДНҚ-ң молекулалық
гибридизациялау (будандастыру) тәсілі жатады. Бұл әдістің бактериялардың
түрін ажыратуда маңызы күшті болғанымен, жоғарғы сатыдағы таксондарды
анықтауда нәтижесі тӛмен. Осы ғасырдың 70-ші жылдары прокариоттарды
жіктеу мақсатында, эволюциялық процесс кезінде ӛте баяу ӛзгеріске
ұшырайтын рибосомалық РНҚ-ң нуклеоидтық құрамы ұсынылды.
«Бержди анықтамасы» 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі
олардың жасуша қабырғасы құрылымы және Грам әдісімен бояуына қарай 4
бӛлімге топтастырылған:
Gracilicutes, нәзік қабатты, грам теріс;
Firmicutes, қалың қабатты, грам оң;
Tenericutes, жасуша қабырғасы жоқ, микоплазмалар;
Mendosicutes, жасуша қабырғасы ақаулы, архебактериялар.
Морфологиясы бойынша бактериялардың келесі пішіндерін ажыратады.
Кокктар – шар тәрізді жасушалар (кӛлденең ӛлшемі ұзындығына тең,
яғни - 0,5-1,5 мкм), тізбектеліп орналасқанда байланысқан орны жазық болуы
мүмкін,
осындай
қос-қос,
екі-екеуден
орналасқан
жасушаларды
диплококктар деп атайды (Neisseria meningitidis). Тізбектелген кокктар -
|