Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

 
Нуржігіт Алтынбеков 
стрептококктар (Streptococcus lactis). Стрептококктар тізбектері қысқа (5 
жасушаға дейін) және ұзын (5-9 және одан да кӛп) болады. Хаос түрінде, 
шоғырланып орналасқан ―жүзім дәндер бұтағына ұқсас‖ кокктарды 
стафилококктар деп атайды (мысалы, Staphylococcus aureus). Микрококктар 
дара орналасқан жасушалар. Сарциналар қапшық (пакет) тәрізденіп, 8,16,32 
болып орналаады. 
Таяқшалар – таяқшалы микроорганизмдер (ұзындығы кӛлем ӛлшемінен 
ұзын). Жұғын-препараттары бір-біреуден орналасады (мысалы бациллалар – 
Escherichia coli). Жұптасып орналасқан таяқшаларды, V әріпіне ұқсас 
таяқшаларды диплобациллалар деп атайды (мысалы, Klebsiella pneumoniae). 
Кейбір таяқшалар тізбектеліп орналасады - стрептобациллалар (мысалы, 
Bacillus subtillis). Жасушалар сәл имектелуін вибриондар деп атайды 
(мысалы, Vibrio cholerae). 
Иллюстративті материал 
Сурет 1. Бактериялардың негізгі пішіндері: 
 
 
Бактериялардың негізгі пішіндері: 1-3. Кокктар (стафилококктар, 
диплококктар, стрептококктар. 4. Таяқшалар (стрептобациллалар). 5. 
Клостридиялар. 6. Вибриондар. 7. Коринебактериялар. 8. Фузобактериялар. 9. 
Нокардиялар (шынайы тармақтану). 10. Актиномицеттер (жалған 
тармақтану). 11. Спирохеталар. 
Таяқшаларды микроскоптан қарағанда тек жасушаның кӛлденең 
ӛлшемі, жұғын-препаратта орналасуына ғана назар аударғаннан басқа, тағы 
жасушалардың терминалды бӛлімдерінде қарайды. Кӛп жағдайда 
жасушалардың шеттері домаланған, кейбіреулерінде шоқпар секілді 
бүршіктелген, осындай жасушаларды коринебактериялар деп атайды (corine, 
лат. – түйреуіш (булава) – Corynebacterium diptheriae; басқа жасушалар 
ортасында немесе терминальды ісінулері кӛрінеді, оларды эндоспора деп 


10 
атайды (боялмаған аймағы) – осындай жасушаларды бациллалар немесе 
клостридиялар деп атайды (мысалы, Clostridium botulinum). Бір жасушаның 
шеттері "кесіліп қалғандай" (бұндай морфология Bacillus anthracis-қа тән) 
немесе үшкірленген – арқан секілді, оларды фузобактериялар деп атайды 
(fusium, лат. – арқан). 
Таяқшалар тармақталған құрылымдар құруы мүмкін. Бұл жағдайда 
ажырату керек – шынайы тармақтарды (Nocardia israellii) жалған 
тармақтардан (Actinomyces odontolytica). Шынайы тармақта әр "тармақтар" 
арасында қосылуы бӛлінбеген, сондықтан тармақталған құрылымдар бір 
жасуша құрайды. Жалған тармақтыларда әр "тармақтар" арасында арнайы 
шектелу бар, сондықтан әр бӛлек "тармақ" бӛлек клетка түрінде кӛрінеді. 
Имектелген пішінділер –спираль тәріздес бактериялар, олардың біреуін 
спирохета деп атайды (мысалы, Treponema pallidum). Спирохеталар бір- 
бірінен оралымдары бойынша олардың жиілігіне қарай дифференцияциясы 
жүргізіледі (суретке қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет