Нуржігіт Алтынбеков Кіріспе Оқу – әдістемелік құрал теориялық дайындығы жақсы бола тұра
микробиологиялық зертханаға келгенде, күн сайынғы істелінетін қыруар
жұмысы тәртіп ережелерін толық игермеген еңбек жолын енді бастаған
мамандарға
зертханадағы
потенциальді
патогенді
биологиялық
материалдармен және патогенді микробтар дақылымен жиі қарым –
қатынаста болуды талап ететін болғандықтан медицина университетінің
студенттеріне, медициналық колледж оқушыларына және жас мамандарға
арналады. Осылардың барлығы оқу – әдістемелік құралында қарастырылған.
Микробиологиялық зертханада дәрігерлер мен зертханашылардың
күнделікті орындайтын жұмысындағы микроорганизмдердің морфологиясы
мен физиологиясын зерттеу әдістемелік құралда нақты сипатталған.
Жоғарыда келтірілген материалдар мамандар мен студенттерге ұсыныла
отырып, бактериофагтың құрылысы мен қасиеттері, оны бӛліп алу,
бактерияларды түр ішілік жіктеу әдістері, іріңді – қабыну үрдісімен ішек
инфекциясын емдеуге арналған жаңа емдеу – профилактикалық фагтық
препараттарды
қолдану,
микроорганизмдердің
физиологиясы
мен
биохимиялық қасиеттерін талдау барысында қоректену типтері де
қарастырылған, бактерияның энергетикалық алмасуы, патогенділіктің
қалыптасуы
мен
метоболизм
үрдісіндегі
ферменттердің
маңызы,
микроорганизмдердің туысы мен түрін анықтауда дифференциальді –
диагностикалық тесттерді қою әдістері, микроорганизмдердің токсигенділігі,
вируленттілігі,
әртүрлі
агрессия
факторлары,
сонымен
қатар
микроорганизмдердің қорғаныштық қасиеті және бактериялардың патогенді
факторларын қарастыру барысында микроорганизмдердің конститутивті
және индуцибельді қорғаныш механизмдері, иммунитет туралы материал
және
жұқпалы
ауруларды
диагностикалауда
және
науқастың
иммунологиялық статусын сипаттау кезінде зерттеу әдістерін бағалауда
маңызды роль атқарады.