Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет21/126
Дата30.09.2023
өлшемі3,31 Mb.
#111935
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126
Байланысты:
httprmebrk.kzbilimassociationjusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 2

Педагогтың ақыл-ой мәдениеті
– педагогтің іс-әрекеті кезіндегі 
өзіндік ойлауы мен шығармашылық ойы және икемділігінің деңгейі; 
түрлі педагогикалық жағдаяттардағы педагогикалық, сол сияқты 
жаңа, күтпеген және даулы мәселелерді шешудің жолдарын талдау 
мен құралдарын таңдаудағы педагогтың ойлау процесінің тиімділігін 
туындататаын және қамтамасыз ететеін сапалар жиынтығы.
Өздігінен білім алу мәдениеті
- өздігінен ілім алудың барлық 
құрылымдарының дамуы мен жетілуінің жоғары деңгейі. Өздігінен 
білім алу қажеттілігі дамыған тұлғаға тән қасиет, оның рухани 
өмірінің қажет элементі болып табылады. Тұлғаның танымдық 
қажеттілігінің қанағаттандырылуының жоғары формасы болып 
санала отырып, өзіндік білім алу адамның елеулі ерік күшінің 
көрінуіне, жоғары деңгейдегі саналығы мен ұйымшылдығына
өздігімен жетілу үшін іштей жауапкершілік қабылдау даярлығына 
байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті
– педагог пен 
оқушының арасындағы адмагершілікті саналы қарым-қатынасы, 
оның мазмұнында сөз мәдениеті, сыртқы өзіндік безендіру мәдениеті 
мен педагогикалық мақсатты өзара қатынас мәдениеті бар.
Қарым-қатынас пен мәдениеттің ажырамас тұтастығын 
көрсететін негізгі жол - тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда
оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, 
әлеуметтік қатынасы. 
Теориялық зерттеулер бұл тұрғыда әртүрлі бағыттар ұсынады, 
яғни тұлғаны дамытуда мәдени дамуды қарым-қатынас реттейді, 
оларды басқаратын және жіктейтін механизмдерін, заңдылықтарын 
анықтайды. 


61
Қарым-қатынас мәдениеті
ұғымының теориясы және оны жан-
жақты талдаудың қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми әдебиеттерде 
терминнің мағынасы зерттеушілердің теориялық позициясына және 
ұғымның тереңдігіне тәуелді.
Ғылыми теориялық бағытта, қарым-қатынас мәдениеті – рухани 
және қатынастық материалдық құндылықтар байлығы, адамзат 
санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні. 
Мәдениеттің өзі материя қозғалысының әлеуметтік формасы, 
«әлеуметтік ортаның қажетті шарты», тұлғаның өмір сүру әдісі, 
әрекетінің сапалық сипаты. 
Ғылымда «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы бір жағынан 
дәлелдеуді қажет етпейтін қисынды ұғым болса, екіншіден 
көпмағыналы тіл мәдениеті, этикеті, мінез-құлқы тұрмысы, салты 
т.б. болып жіктеледі.
Алайда қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас және 
мәдениет ұғымы синтезінде төмендегідей логикалық анықтамаға 
сүйенеді: «қарым-қатынас мәдениеті - адамзаттың мәндік сапаларын 
жақындастыруға бағытталған адамгершілік, саналылық әрекеттер».
Зерттеуде О. Араковская берген бұл тұжырым қарым-қатынас 
мәдениеті ұғымын білім беруде қажетті педагогикалық мазмұнмен 
толықтыруға бетбұрыс жасайды. 
Қарым-қатынас мәдениеті адамзат үшін әртүрлі деңгейде, 
әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. 
Болашақ кәсіпті игеру жолында да оның өзіндік ерекшеліктері, 
өлшемдері, бағыттары бар. Осыған орай, қарым-қатынас мәдениеті 
ұғымын жалпы құндылықтардан ажырата қарастыру үшін кәсіби 
қарым-қатынас мәдениеті ұғымын қолдануға болады. 
Қазіргі қоғам сұраныстары рухани және материалдық сфералар
аясында қарым-қатынас проблемасын өте маңызды етіп көрсетеді. 
Қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, 
ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін бөлшегі болып табылады. 
Оның дәлелі ретінде білім мен мәдениеттің терең байланысын 
айтуға болады. 
Болашақ педагогтардың кәсіби мәдениетін дамыту қазіргі 
уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеу мәселесіне айна-
луда. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, болашақ маман 
даярлауда студенттерге педагогикалық әдеп, іскерлік, дағдыны 
қалыптастырудағы басты компоненттерінің бірі – педагогикалық 
мәдениет шарттарын айқындау болып табылады.


62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет