72
Радищев келесіні айтты: «Адам қоғаммен өмір сүру үшін жаралған...
Адамдар жануар сияқты бөлініп кетпейді». Балаларды қоғамнан бөліп
тәрбиелеу, өз пайдасын ғана ойлайтын индивидтерді тәрбелеуге алып келеді,
олар қоғам өмірін өзгертуге қатыспайды, пікірлермен бөліспейді. А.Н.
Радищев педагогикалық теорияға материализм алып келеді. Оның
есептеуінше адам табиғаттың бір бөлігі заттық болмысы бала санасының
жетілуі-бала мүшесінің жетілуін байланысты «адамның ой-санасының
айғақталуы-барлық жағдайда дене күштеріне байланысты болады»,-деп
айтты.
Барлық балалардағы дамудың табиғи қалпына және тәрьие берудегі
артықшылықтарына қарамастан Радищевтің пікірінше, адамдағы тұлғалық
қалыптасу оның табиғатымен анықталмайды, оның өмірлік жағдайларымен,
әлуметтік тұрмысынан анықтайды. Бецкойға қарағанда ол қоғамдағы
тәрбиелеуге болады дегенмен келіспеді. Керісінше, тек саналы қоғамда ғана
тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға болады деп есептеді.
Радищев балада қоғам мүддесіне, қоғамдық тілекке талпынуды
дамытатын тәрбие беруді ұйымдастыруды жақтады: адами тұлғаның толық
жетілуде жақсы болашақ үшін, барлық кедегі келтірушілермен күресудің
үлкен мәні бар. Адамның мінез-құлқы оның жеке қайраткерлігін қоғам
жетістігі үшін әділетсіз заңдарға, тәртіпке, қарапиғылдардың пасықтығына
қарсы шығу деп есептеді.
А.Н. Радищев жаңа революциялық моральдік жақтаушысы ол қарапайым
халықпен қосылып, қанаушыларға қарсы шығу және оларды жеккөруді
жақтаған.
Балалардың Отанға, халыққа деген махаббатын қалыптастыра отырып.
А.Н. Радищев жериеленушілерге тән француз тілінде сөйлеп, Отандық
мәдениетке менменшілікпен қарауларына қарсы шықты. Оның есептеуінше,
нағыз Отан сүйгіш азамат өз ана тілін жетік біліп, өз елінің күшіне
сенбейтіндермен күресу намысшыл азамат болуды талап етеді.
Жалпы жан-жақты білім беруді нұсқай Радищев дінді қорғамаған.
Басыбайлық пен шіркеу бірге «Біріккен»-деді ол. Бірақ, басыбайлыққа қарсы
күреске шақырушы ашулы жазушының даусын алдыңғы қатарлы орыс
зиялылары да есептеді. Үкімет рұқсат бермеген оның шығармалары түрінде
таратылды.
А.Н. Радщевтің Ресейдегі қоғамдық сананың және педагогикалық
теорияның дамуына орыс революциялық қозғалысының және алдыңғы
педагогиканың дамуына қосқан үлесі зор еді.
Достарыңызбен бөлісу: