1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет70/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Отбасы тәрбиесі. 
А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесі
 
теориясына 
қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі «Ата-аналар кітабы»және 
«Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» балаларды отбасында тәрбиелеу 
жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді. 
Бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық үгіт 
жұмысынан бастап, оны өзгертуге және бүкіл тәрбие жұмысының құлаш 
жаюында ерекше роль атқарды. «Отбасы - өте үлкен және аса жауапты 


120 
жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз 
бақыты және балалары алдында жауап береді», - деді макаренко.
Макаренконың пікірінше, отбасы тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: 
отбасындағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған режим, ата-
аналар мен отбасының басқа мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік және 
сыйластық, ата-аналар мен ересек отбасы мүшесінің шын беделінің болуы. 
Ал шын беделге негіз болатын жағдайлар: отбасындағы ересектердің 
өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, 
балаларға дұрыс, ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоя алуы.
А.С.Макаренконың педагогикалық идеялары мен балаларға коммунистік 
тәрбие беру жөніндегі тамаша тәжірибесін біздің халықымыз жоғары 
бағалайды. Себебі социалистік педагогиканың үздік шыққан жаңашыл 
қайраткері Антон Семенович Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми 
негізді, 
бай 
мазмұнды. 
Оның 
еңбектерінде 
жаңа 
адамгершілік 
қатынастардың, адамға деген жаңа сезімнің, талап қоюға негізделген қатаң 
тәртіптің, коллективтің ұлы күші айқын көрсетілген.
Макаренконың педагогикалық теориясы – совет педагогикасының өткен 
кезеңдегі тарихи мұрасы ғана емес, ол қазіргі совет мектебі мен асқа тәрбие 
орындарының жұмысына творчестволық тұрғыдан пайдаланылатын бағалы 
педагогикалық ескерткіш.
Макаренконың құнды педагогикалық ұсыныстарын жалпы білім 
мектебінде пайдаланумен бірге, кеңінен өріс алып дамыған басқа тәрбие 
орындарында (интернаттар, балалар үйлері, еңбек резервтері училищелері 
т.б.), әсіресе социалистік тәрбие орнының жаңа типі – мектеп-интернаттарда 
ұқыпты түрде қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет