Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Гипофиздің артқы бӛлімінің гормондары, химиялық табиғаты



Pdf көрінісі
бет22/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99
4.Гипофиздің артқы бӛлімінің гормондары, химиялық табиғаты, 
нысана жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері
секрециясының реттелуі. 
Гипофиздің артқы бӛлімінің гормондарына окситоцин мен вазопрессин 
жатады, бірақ олар гипоталамуста түзіліп, гипофизге түседі және қанға 
нейрогипофизден бӛлініп шығады.
Окситоцин және вазопрессин 
Химиялық табиғаты: олар циклді нанопептидтер, яғни 9 аминқышқылынан 
тұрады, оның алтауы сақина түзеді. Олар бір-бірінен тек екі аминқышқылымен 
ерекшеленеді.
Әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, физиологиялық әсері. 
Вазопрессин
V
1
рецепторлармен байланысып, біріншілік механизм 
бойынша (фосфатидилинозитидтік жүйе арқылы) әсер етеді, ал V
2
-
рецепторлармен комплекс түзіп, біріншілік механизм бойынша (цАМФ 
арқылы) әсер кӛрсетеді. V
1
-рецепторлар фосфолипаза С-мен байланысқан және 
шеткі қан тамырларында орналасады. Вазопрессин осындай рецепторлармен 
байланысып вазоконстрикцияны туғызады, бұл әсері гормонның атында 
кӛрсетілген. V
2
-рецепторлар аденилатциклазамен байланысқан және бүйрек 
түтікшелерінің дистальды бӛлімінің эпителийінде орналасады. Вазопрессин 
осындай рецепторлармен байланысып цАМФ арқылы аквапориндерді - судың 
белок-транспортерлерін активтейді, сондықтан нефронның дистальды 
бӛлімінде судың реабсорбциясы күшейеді, яғни антидиуретикалық әсер 
кӛрсетеді, гормонның екінші аталуы - АДГ (антидиуретикалық гормон).


192 
Вазопрессин – гепатотропты гормон, бірқатар маңызды процестердің 
активаторы. Аштықта ол бауырдағы глюконеогенезді стимулдейді, ал қарын 
тоқ болған жағдайда – гликогенолизді, яғни гликогеннің түзілуін тежеп, оның 
ыдырауын жылдамдатады. Вазопрессиннің әсерінен бүйрек үсті безінің 
гормондарына тәуелді гипергликемия күшейеді. Вазопрессин БМҚ-ның 
бауырға түсуін және тотығуы мен этерификациясын күшейтеді. Ол 
глюкагонның кетогенді әсеріне кедергі болады. Ол глюкагонның кетогенді 
әсерінің алдын алады. Вазопрессин инсулиннің секрециясын стимулдейді және 
май тінінде липогенезді, глюкозаның түсуін және плазмадағы артық БМҚ-ның 
адипоцитке жиналуын стимулдеп, оған инсулин тәрізді әсер етеді. Сондықтан 
оның әсерінен қан плазмасындағы БМҚ деңгейі ұзақ уақыт тӛмен мӛлшерде 
болады. Вазопресиннің әсерінен АКТГ-ның секрециясы күшейеді және ол 
стресс кезіндегі ЛГ-ның секрециясының тежелуіне қатысады. Вазопрессин VIII 
фактордың синтезін стимулдейді және Виллебранд факторының секрециясын 
жоғарылатады, яғни қан ұюына қатысады.
Вазопрессин ОЖЖ-не әсер етеді – үрей сезімін тудырады және ауырсыну 
сезіміне реакцияны тӛмендетеді, еске сақтауды стимулдейді және шӛлдеу 
сезімінің реттелуінің орталық механизмдеріне
 
қатысады.
 
Сондықтан 
вазопрессиннің ролі тек ғана осмореттелумен ғана шектелмей, тӛтенше 
жағдайлардың орын алуына организмнің қарсы тұруын стимулдеу болуы да 
мүмкін. 
Вазопрессиннің түзілуі бұзылғанда қантсыз диабет дамиды. Онымен 
балалар мен жасӛспірімдер жиі ауырады. Бұл патология барлық эндокриндік 
аурулардың 0,5%-да кездеседі. Бұл кезде диурез (10 л/тәулігіне дейін) 
жоғарылайды, гипоизостенурия, никтурия байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет