192
Вазопрессин – гепатотропты гормон, бірқатар маңызды процестердің
активаторы. Аштықта ол бауырдағы
глюконеогенезді стимулдейді, ал қарын
тоқ болған жағдайда – гликогенолизді, яғни гликогеннің түзілуін тежеп, оның
ыдырауын жылдамдатады. Вазопрессиннің әсерінен бүйрек үсті безінің
гормондарына тәуелді гипергликемия күшейеді. Вазопрессин БМҚ-ның
бауырға түсуін және тотығуы мен этерификациясын күшейтеді. Ол
глюкагонның кетогенді әсеріне кедергі болады. Ол глюкагонның кетогенді
әсерінің алдын алады. Вазопрессин инсулиннің секрециясын стимулдейді және
май тінінде липогенезді, глюкозаның түсуін және плазмадағы артық БМҚ-ның
адипоцитке жиналуын стимулдеп, оған инсулин тәрізді әсер етеді.
Сондықтан
оның әсерінен қан плазмасындағы БМҚ деңгейі ұзақ уақыт тӛмен мӛлшерде
болады. Вазопресиннің әсерінен АКТГ-ның секрециясы күшейеді және ол
стресс кезіндегі ЛГ-ның секрециясының тежелуіне қатысады. Вазопрессин VIII
фактордың синтезін стимулдейді және Виллебранд факторының секрециясын
жоғарылатады, яғни қан ұюына қатысады.
Вазопрессин ОЖЖ-не әсер етеді – үрей сезімін тудырады және ауырсыну
сезіміне реакцияны тӛмендетеді, еске сақтауды стимулдейді және шӛлдеу
сезімінің реттелуінің орталық механизмдеріне
қатысады.
Сондықтан
вазопрессиннің ролі тек ғана
осмореттелумен ғана шектелмей, тӛтенше
жағдайлардың орын алуына организмнің қарсы тұруын стимулдеу болуы да
мүмкін.
Вазопрессиннің түзілуі бұзылғанда қантсыз диабет дамиды. Онымен
балалар мен жасӛспірімдер жиі ауырады. Бұл патология барлық эндокриндік
аурулардың 0,5%-да кездеседі. Бұл кезде диурез (10 л/тәулігіне дейін)
жоғарылайды, гипоизостенурия, никтурия байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: