Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Әйелдердің жыныс гормондары



Pdf көрінісі
бет25/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99
Әйелдердің жыныс гормондары
– 
ЭСТРОГЕНДЕР
жетілген 
фолликуллаларда түзіледі. Негізгі гормон – эстрадиол, ол 20 есе активтілігі 
тӛмен эстронға, немесе эстриолға (активтілігі эстрадиолға қарағанда 40 есе аз) 


195 
айналуы мүмкін.
Аналық бездердің гормоналдық функциясы – әйел организмінің 
эндокриндік жүйесіндегі маңызды звено, оған жыныс мүшелерінің және бүкіл 
әйел организмінің қалыпты қызмет етуі тәуелді.
Химиялық табиғаты: Бұл гормондардың ерекшеліктері:
а) А сақинасында үш қос байланыс бар;
б) С
3
кӛміртегінде ОН тобы бар. Эстрогендер бір-бірінен гидроксил 
тобының санымен ерекшеленеді: эстрадиолда 2 ОН тобы (С
3
пен С
17 
кӛміртектерінде); эстронда – бір ОН тобы (С
3
кӛміртегінде); эстриолда - үш ОН 
тобы (С
3
, С
16
, С
17
кӛміртектерінде) бар. 

О
ЭСТРОН
....
OH 

ОН
ЭСТРАДИОЛ

ОН
ЭСТРИОЛ
ЭСТРОГЕНДЕР
 
Нысана жасушалары
 
– организмнің барлық жасушаларында рецепторлары 
кездеседі, әсіресе жатырдың, қынаптың, аналық бездерінің, сүт бездерінің 
жасушаларында ӛте кӛп орналасқан.
Физиологиялық әсері: эстрогендер жалпы физиологиялық әсерлерден 
басқа 
әйел организміне әсер
етеді: әйелге тән екіншілік жыныс белгілерінің 
дамуын (әйелдің жыныс органдарының ӛсуі мен дамуын, дауыстың жуан-
жіңішкелігін, қаңқаның дамуын, майлардың жиналу сипатын, түктену түрін) 
қамтамасыз етеді; репродуктивтік жүйенің функционалдық активтілігіне және 
арнайы мінез-құлықтың қалыптасуына қатысады.
 
Әйелдің жыныс органдарының қалыптасуына, ӛсуіне және қызмет 
атқаруына әсер етеді; миометрий және эндометрий стромасының ӛсуі есебінен 
жатырдың үлкеюін қамтамасыз етеді; аналық жыныс жасушасының, қынаптың, 
аналық бездердің, сыртқы жыныс мүшелерінің ӛсуін күшейтеді; сүт бездерінің 
ӛсіп жетілуін күшейтеді, олардың кӛлемінің жоғарылауына, сүт бездерінің 
ағынды жолдары жүйесінің қалыптасуына және олардың қызметінің реттелуіне 
әкеледі. Майлардың түзілуін және олардың тері асты клетчаткада жиналуын 
жоғарылатып, әйелдердің мүсін ерекшелігін анықтайды. Гонадотропты 
гормондармен бірге әйелдердің жыныстық (менструалды) цикліне реттеуші 
әсер кӛрсетеді; прогестеронның рецепторларының синтезін стимулдейді
біршама сулы және сілтілі шырыштың секрециясына әкеледі, бұл 
сперматозоидтардың тұрақтылығы мен тасымалдануын қамтамасыз етеді; 
организмде су мен тұздардың жиналуына әкеледі, себебі бауырда 
ангиотензиногеннің синтезін қамтамасыз етіп, қан тамырларынан су мен 


196 
электролиттердің шығуына әкеледі, бұл менструация алдында сүт бездерінің 
сезімталдығының жоғарылауына, дене салмағының, ашуланшақтықтың 
жоғарылауына (менструация алдындағы синдром) әкеледі
.
Сонымен әйелдердің жыныс гормондарының негізгі қызметі - әйелдердің 
жыныстық ортасын
(половая сфера) кӛбеюге дайындау. Бұл дайындыққа:

примордиалды ұрық жасушаларының пісіп-жетілуі; 
 

имплантация үшін қажетті тіндердің дамуы;

овуляция уақытының гормоналдық тұрғыдан бақылануы
 

жүктілікке қажетті ортаны қалыптастыру;
 

босану мен лактацияның гормоналдық реттелуін қамтамасыз ету. 
 
Әйелдердің жыныс гормондары холестериннің метаболизміне қатысады. 
Әйелдерде ер адамдармен салыстырғанда активті репродукциялық жаста 
холестериннің деңгейі тӛмен болады. Бұл эстрогендердің әсерінен ТЖЛП 
синтезінің жоғарылаумен және ТТЛП синтезінің тӛмендеуімен байланысты. 
Менопаузадан (менструациялардың тоқтағаннан) кейін холестериннің деңгейі 
артады да, ер адамдардағы сияқты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет