Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет46/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
3.
 
Қан плазмасында хлор аниондарының, фосфор, бикарбонат-тардың 
мөлшері, нормадан ауытқу себептері. 
Фосфор 
(N=3-5 ммоль/л) – фосфордың кӛбеюі (гиперфосфатемия) 
гипопаратиреозда, Д-витаминнің гипервитаминозы кезінде, тироксинді 
қолдағанда, бауырдың сарғыш атрофиясында, лейкозда, миеломада байқалады. 
Бүйрек жетіспеушілігі де жиі осы жағдайды себебі болады. Гиперфосфатемия 


225 
фосфаттардың кӛп мӛлшерде түсуінен де пайда болады (мысалы, вена арқылы 
еңдіргенде), тіндерде катаболикалық процестер күшейгенде байқалады. Бұл 
кезде бүйректе 25(ОН)Д
3
–тің гидроксилденуі тежеледі. Фосфат кальциймен 
байланысуы мүмкін, сондықтан кальций тіндерде жиналып, гипокальциемияға 
алып келеді. Ал қан плазмасында фосфордың азаюы (гипофосфатемия) – бұл 
рахиттің бірінші белгісі.. рахиттің клиникалық белгілерінің пайда болуына 
дейін байқалады. Сонымен қатар инсулинді қабылдағанда, гиперпаратиреоз, 
сүйектің жұмсарған кезде, бүйрек түтіктері қызметінің бұзылуы, алкалоз 
кезінде байқалады.
Хлор –
Бикарбонаттар –
 
4.
 
Қанның қышқылдық-негіздік күйі (ҚНТ). ҚНТ тұрақты ұстайтын 
химиялық және физиологиялық факторлар. 
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік – биологиялық ортадағы сутек (Н
+
) пен 
гидроксил (ОН
-
) иондарының концентрацияларының ара қатынасы. 
Қалыпты жағдайда сау адамда қанның рН-ы 7,37-7,44. рН-тың 6,8-ге дейін 
тӛмендесе немесе 8-ге дейін кӛтерілуі ӛлімге ұшыратады. Сондықтан 
қышқылдық-негіздік тепе-теңдік белгілі бір деңгейде болуы қажет. 
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің реттелуіне химиялық факторлар 
(буферлік жүйе) және физиологиялық факторлар (мүшелер) қатысады. Осы 
факторлар бір біріне сәйкес жұмыс істейді. Ӛте күшті және реттеуге келетін 
жасушадан тыс сұйықтық пен қанда болатын жүйе – бикарбонаттық буфер 
болып табылады. Оның арақатынасы (1/20) плазма мен эритроциттерде бірдей, 
ол қышқылдық метаболиттер қанға әрдайым кӛп түсуімен байланысты. 
Буферлік әсер келесі тәсілмен жүреді: ағзаға қышқылдық ӛнімдер түскен кезде 
олар буферлік бӛлімімен әрекеттеседі, әлсіз кӛмір қышқылы мен қышқыл 
метаболитінің тұзын түзеді. 
H
2
CO
3
NaHCO
3
+
CH
3
CHOH
COOH
2H
2
CO
3
+
CH
3
CHOH
COONa
Әрі қарай кӛмір қышқылы карбангидразаның әсерінен ыдырайды, 
кӛмірқышқыл газының артық мӛлшері ӛкпе арқылы ағзадан шығады. 
CO
2
H
2
O
+
КА
H
2
CO
3
Сонымен, физиологиялық факторлар (ӛкпе) арқылы буферлік жүйелер 
қалыпты күйге келеді. 
Негіздік метаболиттер (ОН
-
) түскен кезде олар буфердің алымымен 
әрекеттеседі: 


226 
+ OH
HCO
3
+ H
2
O
H
2
CO
3
NaHCO
3
Түзілген гидрокарбонаттар буферлік жүйедегі қатынысты ӛзгертеді (1/25, 
1/30 және т.б.). 
Фосфат буфер жүйесі дәл бикарбонаттық буфер сияқты әсер етеді: қышқыл 
метаболиттер бӛлімімен әрекеттесіп, ал негіздік метаболиттер алымымен 
әрекеттеседі. Сонда не NaH
2
PO
4
, не түзіледі Na
2
HPO
4
, ал олардың ара 
қатынасының (1/4) тұрақтандырылуы бүйрекпен реттеледі. 
Белок буферінің әсері белок амфотерлігіне байланысты. Қышқылды заттар 
түскенде аминтоптарымен, сілтілі заттар түскенде – СООН-тобымен 
әрекеттеседі. Арақатынасы фосфатты буфер арқылы қайтадан қалыптасады. 
Егер қанға қышқылдық немесе сілтілік заттар түскенде, ал компенсаторлы 
механизмдер рН-тың жылжуын тоқтата алмаса, онда қышқыл-сілтілі тепе-
теңдігі бұзылады, ацидоз (қышқылдану) немесе алкалоз (сілтілі ортаның 
қалыптасуы). Қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің ӛзгеруінің даму механизіне 
байланысты респираторлық (газдық) және метаболиттік ацидоз бен алкалоз 
болып бӛлінеді. Олар теңетілген және теңелтілмеген болуы мүмкін. 
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің теңелген жағдайдан ауытқуы буферлік 
жүйелер қатынасының ӛзгеруін физиологиялық және химиялық факторлар 
кӛмегімен қалыпты мӛлшерге келтіруге болатын жағдайда байқалады. 
Теңелтілмеген бұзылыстар – артериялық қанның рН-ның 7,35-7,45 
шекарасынан шыққан кезде пайда болады. Организм бұл ӛзгерісті қалпына 
келтіре алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет