Заттар алмасуыныѕ реттелуі


  8. Қан плазманың азотсыз органикалық заттары: өкілдері (глюкоза



Pdf көрінісі
бет43/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99
 


220 
8. Қан плазманың азотсыз органикалық заттары: өкілдері (глюкоза, 
пируват, лактат, жалпы липидтер, холестерин, кетон денелері), олардың 
химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезінде өзгеруі. 
Қанның «қанты» негізінен 
глюкоза
болып саналады. Қалыпты жағдайдағы 
мӛлшері – 3,3-6,0 ммоль/л. Қан плазмасында және формалық элементтерінде 
глюкоза мӛлшері шамамен бірдей. Қанда глюкозаның кӛбеюі 
гипергликемия 
деп аталады. 
Физилогиялық гипергликемия
жеңіл сіңетін, аз уақытта тез қорытылатын 
кӛмірсуларды кӛп мӛлшерде пайдаланғанда байқалу мүмкін. Бұл жағдай тез 
ӛтеді және аз уақытты. 
Патологиялық гипергликемия
– қант диабетінде 
байқалады, бұл кӛмірсулар алмасуының бұзылуына алып келіп соғады; бүйрек 
үсті безінің гиперфункция кезінде, ми ісігінде және тағы басқа жағдайларда 
байқалады.
Қанда глюкозаның мӛлшерінің азаюы 
гипогликемия 
деп аталады, ол ұзақ 
ашыққанда (бауыр гликоген қорын тез жұмсайды); ауыр дене жұмысында, 
инсулин артық болғанда (ұйқы безінің гиперфункциясында) немесе инсулинді 
артық мӛлшерде ағзаға еңдіргенде байқалады. Осы жағдайлар ауыр күйге 
ұшыратады – бас айланып, аяқта әлсіздік, солғындық, суық тер, ми 
зақымданады, кома дамиды, себебі нерв жасушаларына тек глюкоза ғана 
энергияның кӛзі болып табылады. Кома жиі және ұзақ уақытқа созылса, мидың 
жасушаларында дегенеративтік ӛзгерістер пайда болады. 
Сүт қышқылы (N=0,8-1,2 ммоль/л) – анаэробты гликолиз нәтижесінде 
түзіледі. Тіндерде отектің жетіспеушілігі есебінен болатын жағдайлардың 
барлығы лактаттың тіндерден қанға ӛтуін жоғарлатады. Мысалы, ӛкпе 
қабынуында, қан айналымы бұзылғанда (жүрек ауруларында). 
Пирожүзім қышқылы (ПЖҚ) 
(N=0,07-0,14 ммоль/л ) – пируват тотығудан 
декарбоксилдену реакциясына (аэробты жағдайда) түспеген жағдайда қанға 
бӛлінеді. Пируваттың қандағы мӛлшері В

витаминнің авитаминозы кезінде 
артады. ПЖҚ/лактат ара қатынасы (қалыпты жағдайда 1:10 тең) аэробты 
процестердің кӛрсеткіші ретінде кардиологтар үшін үлкен диагностикалық 
маңызы зор. 
Жалпы липидтер 
(4-8 г/л) –
 
бұл топқа триацилглицеридтер (ТАГ), 
фосмфолипидтер (ФЛ), БМҚ, холестерин және оның эфирлері жатады. Қанда 
липидтердің кӛбеюі (гиперлипемия) байқалады: 
1)
тағам липидтерін кӛп мӛлшерде қабылдағанда; 
2)
гликогенолиз процесі қарқынды жүргенде (гликогеннің артық ыдырауы 
май тіндерінде липолиздің күшеюіне әкеліп соғады, глицерин мен БМҚ 
қанға келіп түседі де, бауырға тасымалданады; 
3)
бір қатар эндокриндік бұзылыстарда, ашыққанда да байқалады.
Қанда жалпы липидтерді анықтаудан басқа липопротеидтік спектр 
анықталады. Әртүрлі аурулар кезінде липопротеидтік спектрі ӛзгеріп тұрады. 
Бұл спектрдің қалыптан ауытқуының 5 түрі болады. 


221 
Жалпы холестерин 
(4-5,2 ммоль/л) –
 
холестерин жасқа байланысты 
артады. Холестериннің 30%-ы бос күйінде, ал 70%-ы эфирленген түрінде 
кездеседі. 
Кетон денелері 
(140-200 мкмоль/л) – бұлар БМҚ тотыққанда түзілетін 
аралық ӛнімдер. Олардың қанда кӛбеюі ұзақ жалпы және кӛмірсуларынан 
ашығуда байқалады. Гиперкетонемия ауыр инфекциялық ауру кезінде, 
жүректің ишемиясында, менингит, бас сүйек-мидың зақымдануы кезінде 
байқалады.қант биабетімен ауратын науқастарда қанда кетон денелерінің 
кӛбеюі диабеттік команың бастамасы болып табылады. 
Плазма пигменттері – 
каротиндер – қызыл-сары түсті зат, олар А 
витаминінің проивитамины болып табылады. Билирубинмен бірге қан 
плазмасының сары түске боялуын қамтамасыз етеді. 
Сонымен қатар қанда С және А витаминдердің біраз мӛлшері, гормондар 
кездеседі. 
Студенттің ӛзін-ӛзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер: 
1.
Қандай белоктар қанның «жедел фаза» белоктарына жатады, олардың 
маңызы? 
2.
Қан сарысуындағы белок мӛлшерінің ӛзгеруі: осы жағдайлар қалай аталады? 
3.
Гиперпротеинемия деген не, оның түрлері: абсолютты және салыстырмалы, 
пайда болу себептері. 
4.
Абсолютты және салыстырмалы гипопротеинемиялардың пайда болу 
себептері. 
5.
Диспротеинемияға анықтама беріңіз. Глобулиндердің қандай фракциялары 
бар? Оларды қалай бӛліп алуға болады? Белоктардың қандай қасиеттеріне 
белоктарды фракцияларға бӛлуге негізделген? 
6.
Парапротеинемия, түсінік, мысалдар келтіріңіздер. 
7.
Қан плазмасының белоктарының қан мен тінаралық сұйықтықтың 
арасындағы су алмасуындағы рӛлін түсіндіріңіз. 
8.
Ашыққан кезде ісіктердің пайда болуын қалай түсіндіруге болады? 
9.
Қандай зат қанның қалдық азотына жататын барлық заттардың 50%-ынан 
астамын түзеді? 
10.
Бүйрек жетіспеушілігінің деңгейі туралы қан плазмасының қандай 
заттардың мӛлшеріне қарап айтуға болады. 
11.
«Орташамолекулалық пептидтер» түсінігіне қандай заттар жатады? Қан 
плазмасында осы пептидтердің мӛлшерін анықтаудың диагностикалық 
маңызы. 
12.
Қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты мӛлшері. Оның мӛлшерінің 
жоғарлауы немесе тӛмендеуі қалай аталады? Қандағы глюкозаның 
мӛлшерінің ӛзгеруінің себептері. 
13.
Қандай жағжайларда пируват/лактат ара қатынасы ӛзгереді? Қалыпты 
жағдайда осы кӛрсеткіш неге тең? 


222 
14.
Жалпы липидтер дегеніміз не? Қалыпты жағдайда осы кӛрсеткіш неге тең? 
Патололгия кезінде липидтердің мӛлшері қалай ӛзгереді? Осы жағдайларды 
атаңыз. 
15.
Кетон денелері, ӛкілдері. Қан плазмасының қандай заттарының тобына 
кіреді? Қалыпты жағдайдағы мӛошері. Қандай жағдайларда қандағы кетон 
денелердің мӛлшері ӛзгереді? 
16.
Қан сарысуындағы холестериннің қалыпты мӛлшері, патология кезінде 
ӛзгеруі. 
17.
Қан сары суында қалдық азоттың мӛлшері: 25 мМоль/л, 85 мМоль/л, 100 
мМоль/л. Бұл жағдайлар қалай аталады? Сіздің болжам диагнозыңыз? 
18.
Науқастың қанында операцияның алдында қалдық азоттың мӛлшері 50 
мМоль/л тең болды. Осындай ауруға операция жасауға бола ма? Неге? 
19.
Қан сары суында глюкозаның мӛлшері 10 мМоль/л тең. Бұл жағдай қашан 
байқалуы мүмкін? 
20.
Қан сары суында белоктарды фракцияларға бӛлгенде жалпы белок мӛлшері 
қалыпты мӛлшерде болсада жеке белоктардың проценттік мӛлшері – 
альбуминдер - 40%, 

-глобулиндер - 10%, 

-глобулиндер - 10%, 

-
глобулиндер - 38% болды. Бұл қан сарысуы дені сау әлде ауру адамдікі ме? 
Неге? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет