Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет49/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99
7.
 
Судың биологиялық рөлі, жасқа байланысты судың мөлшерінің 
өзгеруі. 
Су – тірі ағзада кӛлемі жағынан және ағзада ӛтіп жатқан зат алмасуындағы 
рӛлі жағынан да ең маңызыды қосылыс. Су жануарлар мен адамның дене 
салмағының 2/3 бӛлігін құрайды. Ағзада барлық кӛмірсулардың, липидтердің, 
белоктардың жартысының қорын жоғалтқаны судың 10% жоғалтқанымен тең 
болмайды. Судың 20% шығындалуы ӛлімге әкеледі. 
Судың биологиялық маңызы 
1)
Су ағзаның сұйық ортасы. 
2)
Су универсалды еріткіш. Органикалық және бейорганикалық заттардың 
кӛбісі суда еріген түрінде болады. Жасуша протоплазмасы мен жасушааралық 
сұйықтықтар судағы белоктардың күрделі коллоидтық ерітінділері. Дипольдік 
су молекулалары гидрофильді белоктардың ісінуін туғызады, сондықтан 
тіндердің құрылымдарының түзілуіне қатысады және олардың физиологиялық 
күйін реттейді деп санауға болады. Сонымен, су пластикалық функцияны 
атқарады. 


229 
3)
Су әртүрлі зат алмасының реакцияларына, мысалы, гидролиз
гидратация, дегидратация реакцияларына қатысады. 
4)
Полярлы зат болғандықтан су электролиттердің диссоциациялауына 
себеп болады. 
5)
Судың тұтқырлығы ӛте аз, сондықтан арнайы тамырларда қанның және 
лимфаның жүруін жеңілдетеді 
6)
Жануарлар ағзасында су барлық мүшелер мен тіндердің бір-бірімен 
байланысуын қамтамасыз етеді, бір мүшеден екінші мүшеге заттардың 
тасымалдануына қатысады, ағзаның әр аймағында жүріп жатқан зат алмасуы 
процестерін ӛзара байланыстырады. 
7)
Су зат алмасуының гормондық реттелуін жүзеге асырады, ӛйткені 
гормондардың әсер етуіне ықпал жасайды. 
8)
Су денедегі жылуды реттеуге қатысады. Температураның реттелуі 
терімен судың бӛлінуі мӛлшеріне байланысты. Су бӛлігінде дененің сыртқы 
қабаты суыййды, сӛйтіп жылу ағзада сақталады.
Адам терлегенде жылудың 25%-ы бӛлінеді, тыныс алу процесінде де 
осындай жылу бӛлінеді. 
Ағзадағы жалпы судың мӛлшері жасқа байланысты ӛзгеріп отырады. 
Мысалы, 4-айлық эмбрион салмағының 94%-ы, жаңа туған нәрістенің 77%-ы су 
болады, ал ересек адамдарда: ерлерде - 60%, әйелдерде - 55% дейін тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет