Tractus spinoserebellaris anterior. Бірінші нейрон артқы жолдағыдай.
Жұлын сұр
затының substantia intermedia centralis-ында екінші нейрондар жасушалары
орналасады, олардың аксондары tractus spinoserebellaris anterior арқылы қарама
– қарсы жағының бүйір жіпшелерінің алдыңғы бөлімдеріне өтіп,
сол жерде
айқасады. Жол сопақша ми мен көпір арқылы ми желкеніне дейін көтеріліп, сол
жерде қайтадан айқасады. Осыдан кейін талшықтар мишықтың жоғарғы
аяқшалары
арқылы оған еніп, құрт қыртысында аяқталады. Нәтижесінде бұл
жол екі рет айқасқан болып шығады.
Сөйтіп, екі мишық жолы да жұлын мен мишықтың аттас жартыларын
байланыстырады.
Tractus spinoserebellaris posterior. Бірінші нейронның жасушалық денесі жұлын
түйінінде жатады,
аксон екі тармаққа бөлінеді, олардың шеткісі бұлшықет нерві
құрамында қозғалыс аппаратының рецепторларынан шығады, ал орталық
тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы мүйіздеріне өтіп, өздерінің
соңғы және жанама тармақтары арқылы nucleus thoracicus- те синапс құрып
аяқталады. Жұлынның бүйір жіпшесі құрамында мишық құрт
қыртысына
келеді. Ол жұлын мен сопақша мидағы өз жолында айқаспайды, сондықтан оны
тік мишық жолы деп атайды. Алайда, мишыққа енгеннен кейін оның көп бөлігі
құртта айқасады.