Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет104/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1.
ДК дыбыстық жүйесі қандай негізгі функцияларды атқарады? 
2.
ДК дыбыстық жүйесінің құрамына қандай негізгі компонеттер 
кіреді?
3.
Аналогты-цифрлық түрлендіру кезінде қандай түсініктерге 
сүйеніп, дискреттеу жиілігі бөлінеді?
4.
Аналогты-цифрлық жəне цифраналогтық түрлендірудің негізгі 
кезеңдерін атаңыз.
197 


5.
Жазу модулі мен дыбыс жаңғырту қандай негізгі параметрлерді 
сипаттайды? 
6.
Дыбыс синтезінің қандай əдістері қолданылады? 
7.
Микшер модулі қандай функцияларды атқарады жəне оның 
негізгі сипаттамаларына не жатады? 
8.
3D-дыбысты жасау кезінде математикалық модельдеу қалай 
жүргізіледі? 
9.
Акустикалық жүйенің 4.0 құрылымы 5.1-ден несімен 
ерекшеленеді? 
198 


6-
ТАРАУ 
 
АҚПАРАТТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ 
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ 
 
 
 
 
 
 
6.1.
ПЕРНЕТАҚТА 
 
 
ДК көмегімен ақпаратты өңдеу үшін пайдаланушы ақпаратты 
компьютерге енгізу керек. Деректерді енгізу мен жүйені 
басқарудың негізгі құрылғылары пернетақта, тінтуір, джойстик 
болып табылады. Сканер, цифрлық камера, дигитайзер, сенсорлы 
панель секілді ақпарат енгізу құрылғылары кеңінен таралды. 
Пернетақта (Keyboard) 
ДК ақпарат енгізудің негізгі құралы 
болып табылады, алайда тінтуір басқару функцияларын орындауды 
өзіне көп алады. 
Пернетақтаның əрекет ету принципі 6.1, 
а
-суретте көрсетілген

Пернетақтаның негізгі элементі клавиштер болып табылады. 
Клавишті басқан кездегі сигнал пернетақта бақылаушысымен 
тіркеледі жəне скэн-код деп аталатын түрде аналық тақшаға 
жіберіледі. Скэн-код – бұл бір байтты сан, оның кіші 7 биті əр 
клавишаға меншіктелген сəйкестендіру нөмірін береді. ДК аналық 
тақшасында пернетақтаны қосу үшін сонымен қатар арнайы 
бақылаушы қолданылады. 
Скэн-код 
пернетақта 
бақылаушысына 
келіп 
түскенде, 
аппараттық бұзылу инициалданады, процессор өзінің жұмысын 
тоқтатады жəне скэн-код талдайтын рəсімді орындайды. Скэн-код 
таңба кодына ауыстырылады (ASCII деп аталатын кодтар). Бұл 
кезде өңдейтін рəсім енгізетін кодты дұрыс алу үшін бірінші 
клавиштар мен ауыстырып-қосқыштың орнатуын анықтайды 
(мысалы, «ф» немесе «Ф»). Содан соң енгізілген код 15 дейін 
енгізілетін таңбаларды сақтай алатын жады аумағы болып 
саналатын пернетақта буферіне орналастырылады. Пернетақта 
бақылаушысы жүйе жүктеу процесі кезінде өзін-өзі бақылау 
функцияларын орындайды. 
199 


6.1-сурет. ДК пернетақтасы: 
а 
— пернетақтаның əрекет ету принципі; 
б 
— пластмасса істіктермен пернетақта 
жұмысы 
Жүктеу кезінде өзін-өзі бақылау процесі пернетақтаның үш 
индикаторының бір рет жыпылықтауымен көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет