олар тінтуір камерасымен жазылады жəне мамандандырылған
микросхемамен өңделеді.
Оптикалық тінтуірлерде спектрдің қызыл аумағына сəйкес
келетін толқын ұзындықты жарық диодтары қолданылады, себебі
олар арзан, сонымен қатар спектрдің осы аумағында жоғары
сезгіштігі болатын кремнийлі фотоқабылдағыштар болады.
Оптикалық тінтуірлердің кемшілігі – механикалық жəне
лазерлілермен салыстырғанда қуатты жоғары тұтынуы.
Лазерлі тінтуір
— оптикалық тінтуірдің жетілдірілген моделі.
Лазерлі тінтуірлерде бетті жарықтандыру үшін жарық диоды емес,
бетті жарықтандыратын инфрақызыл лазерлі диод қолданылады.
Лазерлі
шағылысудың
когеренттілігінен
жұмыс
бетіндегі
фокустандыру нақтырақ жүзеге асырылады жəне бұл тінтуірдің
жұмысы үшін оптикалық тінтуірге қажет етілетінге қарағанда аз
өлшемді беттің микротегіссіздігі талап етіледі. Лазрелі тінтуірлерге
жұмыс үшін аз энергия қажет, ал жұмыс бетінен деректерді оқудың
нақтылығы оптикалық тінтуірге қарағанда біршама жоғары болады.
Трекбол-тінтуір
— «Trackball» дөңес шары қолданылатын
құрылғы. Трекбол құрылғысы механикалық тінтуір құрылғысымен
өте ұқсас, тек қана мұнда шар жоғары жағынан немесе жанынан
орналасады. Шарды айналдыру кезінде құрылғының өзі бір орында
тұрады. Шар екі білікшені айналуға мəжбүрлейді, олардың жылжуы
ауысудың оптикалық датчигімен тіркеледі.
Гироскоптік тінтуірлер
кіріктірілген МЕМС-технологиясы
бойынша дайындалған гироскоптың көмегімен пайдаланушы
қолының тек қана бетімен емес, кеңістікте де қозғалыс
параметрлерін анықтайды. Гироскоптік тінтуірді қалыпты тінтуір
секілді жəне үлкен экрандағы таяқша ретінде де қолдануға болады.
Мұндай тінтуір үлкен экранда презентацияларды көрсету кезінде
таптырмайтын зат.
Достарыңызбен бөлісу: