Зарядты байланысты аспап — көптеген шағын фотосезімтал
элементтерден тұратын қатты денелі электронды фотоқабылдағыш,
олар түсетін жарықтың қарқындылығына пропорционал электр
зарядын қалыптастырады, жəне матрица немесе сызғыш түріндегі
құрылымда орындалады.
ЗБА жұмысын бірінші рет 1970 жылы В. Бойл мен Дж.Смит
көрсетті. ЗБА əрекет ету принципі жартылай өткізгіш диодтың р-л-
өтудің электрөткізгіштігінің оның жарықтылығына тəуелділігіне
негізделген. ЗБА-сызғышының құрылғысы мен əрекет ету принципі
6.6-суретте көрсетілген. ЗБА жартылай өткізгіш кристалды береді
(ереже бойынша, кремний), оның бетіне мөлдір оксидті қабықша
жағылған, ол микроскоптық конденсаторларда диэлектрик қызметін
атқарады. Мұндай конденсатордың қоршауының бірі кристалдың
өзінің беті болып табылады, ал басқасы – қалыңдығы 0,6 мкм
аспайтын диэлектрикке жағылған металдандырылған электродтар.
Электродтарға белгілі реттілікте төмен кернеу беріледі (5 ... 10
В). Ол электродтар астында электрондар жиналуы түрінде
потенциалдық деп анықталатын шұңқырлар пайда болуына əкеледі.
Жарықтың əсерімен ішкі фотоəсер нəтижесінде бос электрондар
пайда болады. Әр электродтың сезімтал алаңының астында
жиналатын электрондар саны берілген электродтың сезімтал
алаңына түсетін жарық ағынының қарқындылығына пропорционал
болады. Электрондар зарядтық пакет түзеді. Егер ЗБА сызғыш
түрінде орындалған болса, зарядтық пакеттер бір потенциалдық
шұңқырдан соңғы ұяшыққа жетіп көршісіне беріледі, одан алдын
ала күшейткішке түседі. ЗБА-сызғышта бірнеше мыңға дейінгі
фотосезгіш ұяшықтар болады. ЗБА элементар ұяшығының өлшемі
сканердің айыру қабілетін анықтайды. ЗБА спектралдық сезгіштік
саласы спектрдің көрінетін бөлігінде орналасқан, бұл кезде ең көп
сезгіштік қызыл аумаққа жақын бақыланады.
213