6.10
-сурет. Проекциялық сканердің жұмыс механизмі
Түпнұсқаны табиғи бөлме жарығымен жарықтандырады.
Проекциялық сканерлердің ерекшелігі үш өлшемді обьектілерді
сканерлеу болып табылады. Бұл кезде сканерлер құрылымы
сканерлердің айнымалы ажыратымдылығын қамтамасыз етеді:
шағын обьектілерді жоғары ажыратымдылықпен сканерлеуге
болады; кескіндерін басқа сканерлердің
көмегімен енгізуге
болмайтын үлкен стандартты емес объектілері де төмен
ажыратымдылықпен
де
сканерлене
алады.
Құрылымының
қарапайымдылығы мен қолдану ыңғайлылығы,
төмен баға мен
сканерлеу кезінде жазық жəне шағын үш өлшемді обьектілерді
құрамдастыру мүмкіндігі проекциялық сканерлердің кеңінен
қолданылуына себепші болады.
Қол сканерлері
. Берілген
сканерлер кішкене пішімді
түпнұсқалар немесе үлкен кескіндердің үзінділерін сканерлеу үшін
қолданылады. Сканерлеу терезесін түпнұсқаға қатысты жылжыту
адамның бұлшық ет күші есебінен жүргізіледі. Қол сканерінің
құрылғысы 6.11-суретте көрсетілген.
Шағын корпуста енімен тек
қана датчик, линза мен жарық көзі орнатылады. Сканерлеу
облысының ені сканер құрылымымен анықталады. Сканерлеу
облысының ұзындығы компьютердің
қол жетімді оперативті
жадысының көлемімен ғана шектелген. Қол сканері мен роликты
сканердің жұмыс жасау принципі көптеген жағдайда ұқсас болады.
Сканерлер негізінде
Достарыңызбен бөлісу: