Дигитайзерлердің графикалық планшеттері қатқыл (планшетті
дигитайзерлер) жəне икемді (икемді дигитайзерлер) негізде
орындалады. Икемді негіздегі дигитайзерлердің салмағы аздау,
ықшамды, тасымалдауға ыңғайлы жəне арзанырақ.
Планшеттың жұмыс алаңының өлшемі А4-тен А0-ға дейін.
Планшеттың бар дəлдігі 0,005-тен 0,03 дюймға дейін өзгеріп
отырады.
Орта
электромагнитті
дигитайзерлердің
дəлдігі
электростатистикалыққа қарағанда жоғары.
Нұсқау құрылғысы дигитайзерлерде меңзер немесе қауырсын
ретінде орындалады.
Қауырсын бір, екі немесе үш батырмамен жабдықталған таяқша
сияқты. Қауырсын ұшы планшетке баспаның күшін анықтайтын
қауырсындар бар, оларда 256 градация деңгейіндегі баспа күштері
бар, бұл көркем суреттерді салу кезінде өте ыңғайлы. Баспа деңгейі
сызықтың қалыңдығына, палитра бояуына жəне реңіне тəуелді.
Көркемдік мүмкіндіктерді іске асыру үшін
Adobe Photoshop, Aldus
PhotoStyler, Fauve Matiss, Fractal Design Painter, Autodesk Animator
Pro,
CorelDRAW
жəне тағы басқа типті бағдарламалық
жасақтамалар қажет. Қауырсыны бар дигитайзерлер көркемді
графикалық жұмыстарды орындауда басымдылық танытады.
Меңзерлер
АЖЖ-да негізгі жобалаушылармен қолданылады.
Олар 4-, 8-, 12-, 16-батырмамен орындалады. Әдетте екі немесе төрт
бастырма пайдаланады, қалғандары қосымша бағдарламалардға
жасақталады, мысалы
Autocad
.
Меңзер де, қауырсын да сыммен жəне сымсыз болады.
Дигитайзер драйверлері үш тəсілмен жұмыс істей алады:
тінтуірді эмулирлеу, яғни координатаны беру режимінде жұмыс
істей отырып; ADI планшетінің стандартты драйвері ретінде
қайсы құрылғы жүйелі болатынына қарамастан;
Wi n T ab
драйвері
сияқты.
Графикалық планшеттерді (дигитайзерлер) CalComp, Wacom,
Richpeace Groop, Konica Minolta, Eco жəне басқа компаниялар
өндіреді. Дигитайзерлерді ресей нарығында сатудың озат
компаниясы Wacom фирмасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: