Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет122/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Сканер разрядтылығы 
битпен өлшенеді жəне кескіннің ір нүктесі, 
сонымен қатар сканер айырып тани алатын түстер санын цифрлау үшін 
қажетті ақпарат мөлшерін анықтайды. 
228 


24 бит 16,7 млн түске, 30 бит — миллиардқа, ал 48 бит — жүздеген 
триллионға сəйкес келеді. Әдеттегідей, адам көзі 16-битті түсті 24- 
биттіктен айыра тани алмайды. 
Ресей нарығында Hewlett-Packard, Mustek Paragon, Epson, Canon, 
Avision, Kodak, Fujitsu сияқты өндірушілердің сканерлері сұранысқа 
ие. 
6.4.
 
ЦИФРЛЫҚ КАМЕРАЛАР 
 
 
Цифрлық камера 
— фото- немес бейнетүсірілімге арналған 
құрылғы, мұнда кескін матрицалар жүйесіне тіркеледі жəне 
цифрлық түрде сақталады. 
Цифрлық фотокамерада жарық өткізбейтін корпуста матрица, 
объектив, ысырма, көрсеткіш тетік, процессор, жады картасы 
болады. 
Матрица, 
немесе 
жарықсезгіш матрица, 
— жарықсезгіш 
элементтерден – фотодиодтарынан тұратын мамандандырылған 
аналогты немесе цифраналогты интералдық микросхема. Ол 
проекцияланған оптикалық кескінді аналогты электр сигналына 
немесе тікелей матрица құрамында АЦТ болған кезде цифрлық 
деректер ағынына түрлендіру үшін арналған. Матрица – цифрлық 
фотокамераның, 
бейнекамераның, 
ұялы 
телефондарға, 
смартфондарға, планшеттерге кіріктірілген фотокамералардың, 
сонымен қатар бейнебақылау жүйесінің камералары мен басқа 
көптеген құрылғылардың негізгі элементі. Матрица сонымен қатар 
компьютерлік тінтуірлер, штрихкод сканерлері, планшетті жəне 
проекциялық сканерлер, астро- жəне күн навигация жүйелерін 
ауыстырудың оптикалық детекторларында қолданылады. 
Қолданылатын технологияға байланысты 
цифрлық камера 
матрицалары келесі түрлерге бөлінеді. 
ЗБА-м а т р иц а 
(CCD-матрица 
— 
Charge-Coupled Device) 
кремний төсемінен бөлінген поликремнийден тұрады, мұнда 
поликремнийлі ысырмалар арқылы кернеуді берген кезде 
электродтар қасындағы электр потенциалдары өзгереді. ЗБА- 
матрица мен 6.3.2-бөлімде қарастырылған ЗБА-сызғыштың əрекет 
ету принципі ұқсас. 
К М О П-м а т р иц а 
(complementary metal-oxide-semiconductor 
— 
CMOS) 
— КМОП-технология негізінде орындалған жарықсезгіш 
матрица. 
229 


КМОП-матрицаның негізгі артықшылықтар қатарына келесілер 
кіреді: 

Статикалық жағдайда төмен энергия тұтыну, ол мұндай 
матрицаларды энергиядан тəуелсіз құрылғылар құрамында 
пайдалануға мүмкіндік береді, мысалы қозғалыс датчиктері мен 
бақылау жүйелерінде;

Аппаратураның қалған цифрлық элементтерімен технологияның 
біртұтастығы, ол аналогты жəне цифрлық бөліктің бір 
кристалында біріктіру мүмкіндігін береді;

Еркін қатынаулы механизмнің болуы, оның көмегімен 
пиксельдердің таңдалған топтарының оқуын орындауға болады. 
Берілген операция кадрленген оқу атауын алды (ағыл. 
windowing 
readout). 
Кадрлеу басып алынған кескіннің өлшемін азайтуға 
жəне ЗБА-сенсорларымен салыстырғанда оқу жылдамдығын 
потенциалды көбейтуге мүмкіндік береді, себебі соңғыларында 
ары қарай өңдеу үшін барлық ақпаратты түсіру керек.
Live-MOS-матрица 
— 
МОП-технологиясы 
бойынша 
тұрғызылған жарықсезгіш матрица, оның техникалық жəне 
топологиялық шешімдерінің қатарының арқасында кескінді 
«жанды» қарау мүмкіндігі болады. 
Құрылмалық 
орындалуға 
байланысты 
келесі 
цифрлық 
камераларды ажыратады: артқы жаймасымен; үшкадрлы; бір 
матрицалы біркадрлы; үш матрицалы біркадрлы. 
Артқы жаймасы бар камералардың əрекет ету принципі 6.14- 
суретте көрсетілген. ЗБА-сызғыш түрінде кескін фотоқабылдауыш 
камераның фокалды кеңістігінде кескінді жол бойы тіркеп, вертикал 
бойынша орын ауыстырады. Мұндай типті камералар барынша 
инерциялы, оларды қозғалатын обьектілерді тіркеу үшін 
пайдалануға 
мүмкіндік 
бермейді, 
алайда 
олар 
жоғары 
ажыратымдылыққа ие жəне кəсіби аппаратураларда қолданылады. 
Үшкадрлы камераларда фотоқабылдағыш ретінде ЗБА- 
матрицасы қолданылады. Түрлі-түсті кескінді тіркеу үшін үш 
экспозицияны орындайды, əр кезде кескінді бөлек жарықсүзгіші 
арқылы тіркейді (қызыл, жасыл, көк). Мұндай камералар артқы 
жаймасы камераларға қарағанда аз ажыратымдылық береді, бірақ 
экспозиция жарқыл пайдалануға жеткілікті жылдамдықпен 
жасалады. 
Бір матрицасы бар бір кадрлы камерада түс туралы ақпаратты 
тіркеу ЗБА-матрицаның бетіне RGB-элементтерден тұратын 
түсірілген қабықшалы сүзгі арқылы жасалады. 
230 


6.14
-сурет. Артқы жаймасы бар камераның əрекет ету принципі
Кескінді тіркеу үшін барлығы бір экспозиция жасалады, ол 
қозғалатын обьектілердің түсірмесін жасауға мүмкіндік береді, 
алайда мұндай камераларда түс жіберу сапасы бойынша 
көпэкспозициялы технологияға орын береді. 
Үш матрицасы бар біркадрлы камераның əрекет ету принципі 
6.15,а-суретінде көрсетілгендей, арнайы призма жүйелерінің 
көмегімен (6.15,б-суретті қараңыз) қызыл, жасыл жəне көк 
құрауыштарға кескінді бөлшектеуде болады. Камераға түсетін 
жарық, дихроилды жүйе жұбына келіп түсіп, үш негізгі түске 
бөлінеді: қызыл, жасыл жəне көк. Кескіннің əр монохромды 
құрауышы өзінің ЗБА-матрицасымен тіркеледі. Мұндай типті 
цифрлық камералар орта жəне жоғары класты цифрлық 
камераларда қолданылады. 
Үшматрицалы цифрлық камералардың бірматрицалыларына 
қатысты артықшылықтары: түрлі-түсті ауысудың ең жақсы жіберуі, 
аса жоғары ажыратымдылық, жарықсезгіштік жəне шу деңгейі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет