Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


ЭЕМ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ



Pdf көрінісі
бет13/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

2.2.
ЭЕМ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ 
ПРИНЦИПІ 
 
Техника мен технологияның дамуының əр кезеңдерінде компьютерлер 
үшін əр түрлі атаулар қабылданған: арифметикалық-логикалық құрылғы 
(АЛҚ), бағдарламаланатын электрондық-есептеу құрылғысы (БЭЕҚ 
немесе ЭЕМ), есептеуіш машина, компьютер. 
Әйгілі математик Джон фон Нейманмен қаланған есептеуіш 
машинаның логикалық схемасын тұрғызудың негізгі принциптері. 
Джон фон Нейманның (фон-неймандық архитектура) принципі 
бойынша құрылған бірінші жəне екінші буындағы есептеуіш машиналарда 
жүзеге асырылған 
ЭЕМ классикалық архитектурасы 
2.1-суретте 
көрсетілген жəне мынадай негізгі блоктары бар: 

арифметикалық-логикалық құрылғы 
(АЛҚ), арифметикалық жəне 
логикалық операцияларды орындайтын; 

басқару құрылғысы 
(БҚ), бағдарламалардың орындалу процесін 
ұйымдастырады; 

сыртқы жадтау құрылғысы 
(СЖҚ) немесе бағдарламалар мен 
деректерді сақтауға арналған жады; 

жедел жадтау құрылғысы 
(ЖЖҚ); 

ақпаратты енгізу жəне шығару құрылғылары 
(ЕШҚ). 
Сыртқы жады енгізу жəне шығару құрылғыларынан оған деректер 
компьютерге ыңғайлы, бірақ адамға тікелей қолжетімсіз түрде 
енгізілетінімен ерекшеленеді. Мысалы, магнит дисктердегі тасымалдағыш 
сыртқы жадыға жатады; енгізу құрылғысы болып пернетақта табылады, ал 
монитор мен принтер — шығару құрылғылары. 
2.1
-сурет. фон Нейманның принциптерін жүзеге асырушы ЭЕМ архитектурасы:
––––► 
ақпарат ағындарының бағыты; 
- - - - - ►
процессордан ЭЕМ тораптарына 
басқарушы сигналдардың бағыты 
20 


Егер мониторды ақпаратты бейнелеу құрылғыларына жатқызса, 
онда принтер – типтік баспа құрылғысы. 
Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара əрекеттесуі 
мынадай тəртіппен жүзеге асырылады. Компьютердің жадысына 
қандай да бір сыртқы құрылғының көмегімен бағдарлама ендіріледі. 
Компьютердің жадысы номерленген ұяшықтар санынан тұрады. 
Әрбір ұяшықта өңделетін деректер немесе бағдарламалардың 
нұсқаулықтары бола алады. Бағдарламаның келесі командасы 
алынып шығатын тізбекті жады ұяшығының номері (адресі) арнайы 
құрылғымен – БҚ-да командалар есептеуішімен көрсетіледі. 
Басқару құрылғысы бағдарламаның алғашқы нұсқаулығы 
(команда) болатын жады ұяшығының ішіндегісін оқиды жəне оның 
орындалуын ұйымдастырады. Бір команданың орындалуынан кейін 
басқару құрылғысы жаңа ғана орындалған команда болатын 
ұяшықтың артында болатын жады ұяшығынан команданы орындай 
бастайды. 
Басқару құрылғысы бағдарлама нұсқаулықтарын автоматты 
түрде орындайды жəне жедел жадтау құрылғысымен жəне 
компьютердің сыртқы құрылғыларымен ақпарат алмаса алады. 
Сыртқы 
құрылғылар 
компьютердің 
басқа 
бөліктерімен 
салыстырғанда баяу жұмыс жасайтындықтан басқару құрылғысы 
бағдарламаның 
орындалуын 
енгізу-шығару 
операциясының 
аяқталуына дейін тоқтата тұра алады. Орындалған бағдарламаның 
барлық нəтижелері компьютердің сыртқы құрылғыларына 
шығарылуы тиіс, содан соң компьютер сыртқы құрылғылардың 
қандай да бір сигналдарын күтуге көшеді.. 
Заманауи компьютердің құрылғыларының схемалары алдында 
келтірілгеннен біршама өзгеше. Мысалы, арифметикалық- 
логикалық құрылғы мен басқару құрылғысы бір құрылғыға 
біріктірілген — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет