Б
ӨЛІМ
2
ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
2.1.
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКА ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ
ДӘУІРЛЕРІ
XX ғ. ортасында электрондық-есептеуіш машиналарын (ЭЕМ) жасауды
адамзат тарихындағы ең үздік жетістіктерінің қатарына жатқызады.
Есептеуіш техника адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін кеңейтті
жəне ғылыми-техникалық прогрестің шешуші факторларының біріне
айналды. Сонымен қатар оның дамуы өнеркəсіптік салаларда техника
мен технологияның дамуымен үздіксіз байланысты.
Арифметикалық операцияларға механикалық жəне жартылай
автоматтық құралдарды пайдаланудың бір мыңжылдық тарихы бар деп
есептеледі. Алғашқы есептеуіш құрылғылар Ежелгі Грецияда
жасалған. 1642 ж. француз математигі Блез Паскаль (1623 — 1662)
төрт арифметикалық амалды орындайтын механикалық арифмометр
жасап шығарды. Неміс философы жəне математигі Готфрид Вильгельм
фон Лейбниц (1646 — 1716) көбейту мен бөлуді жүзеге асыратын
механикалық есептеу машинасын ойлап тапты. Ағылшындық Чарльз
Бэббидж (1792 — 1871) икемді бағдарламалау схемасы жəне есте
сақтау құрылғысы бар есептеуіш машинасының концепциясын жасап
шығарды. Бағдарламалар перфокарталар – ақпарат тесіктер
қисындастыруы түрінде көрсетілетін жəне деректер жəне аралық
нəтижелер түрінде «қоймада» (жадыда) сақталатын қатты материалдан
жасалған карточкалар көмегімен енгізіліп отырды.
Машина бумен
жұмыс жасады, есептеу процесі автоматтандырылған, ал кесте
түріндегі есептеу нəтижелері басып шығарылатын.
1878 ж. орыс математигі жəне механик Пафнутий Львович Чебышев
(1821 — 1894) ондықтарды үздіксіз беретін жинақтаушы аппарат
жасады, ал 1881 ж. — көбейту мен бөлу үшін оған қосымша приставка
жасады.
16
Неміс эмигранты Герман Холлерит (1860 — 1929) деректерді
енгізу үшін перфокарталарды қолданатын электромеханикалық
«халық
санағына
арналған
машинаны»
патенттеді.
Машинаперфокартадағы тесіктер арқылы электр тізбегінің
тұйықталуы кезінде пайда болатын
электр импульстерімен
басқарылды.
Есептеуіш құрылғылардың барынша екпінді жəне кезектес
дамуы мен ендірілуі ретінде ХХ ғ. бірінші жартысы есте қалды.
Әмбебап есептеуіш машинасын құру мүмкіндігін ағылшын
математигі Алан Матисон Тьюринг (1912 — 1954) қалады.
1938 ж. неміс инженері Конрад Зусе механикалық
бағдарламаланатын Z-1 сандық
машинаның макетін дайындады,
оның құрамында перфокарталардан жады блогына деректер
енгізетін пернетақта болды. Бұл машинаны құрған кезде дүние
жүзінде алғаш рет автормен ұсынылған есептеудің екілік жүйесі
жəне «машиналық сөз» термині қолданылды.
1943 ж. американдық Говард Эйкен осы уақытқа дейін құрылған
электромеханикалық
реле
негізінде
IBM
фирмасының
кəсіпорындарының бірінде «Марк-1» деп аталған есептеуіш
машинасын құрылымдады жəне жасап шығарды.
Алғашқы есептеуіш машиналарын жасау кезінде электронды
лампаларды қолдану осы салада прогреске түрткі болды. 1946 ж.
АҚШ-та Джон Мочли жəне Преспер
Экерттің жетекшілігімен бір
топ мамандармен ENIAC
Достарыңызбен бөлісу: