Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет141/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Лазерлік біріктіру 
(Selective Laser Sintering
— 
SLS
) — үшөлшемді 
баспаның тағы бір технологиясы, ол 1890 жылдардың аяғында 
Остиндегі Техас университетінде əзірленген жəне 1989 жылы 
патенттелген. Үшөлшемді SLS-принтерлерде лазер пайдаланады, 
бірақ жұмыс материалы фотополимер емес, ал жеңіл ерітілген 
қандай да бір пластиктің ұнтағы. SLS-принтердің жұмыс көлеміндегі 
пластик балқыту температурасына дейін қызады, ал жанып жəне 
тотығып кетпес үшін жұмыс аймағына азот беріледі (7.11-сурет). 
Сосын мысалы, қуатты ОЭ
2
-лазері пластик ұнтағы салу үшін 
бөлшектерді қияды. Төбесінен келесі қабат төселеді, жұмыс 
қайталанады. 
7.11.-сурет. SLS лазерлі біріктіру іске асыратын үшөлшемді принтердің схемасы 
269 


Жұмыстың аяғында артық ұнтақ дайын модельден жойылады. 
Лезерлі біріктіру - бетінің кеуек болғанымен, бөлшектерге
жеткілікті жоғары сапаны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, SLS- 
модель тəсілімен алынғандар — өте берік, жəне осы технология 
ұсақсериялы өндірісте пайдалануға болады. Алайда, SLS- 
принтерлері күрделі жəне қымбыт, ал модельді жасау жылдамдығы 
сағатына бірнеше сантиметрді (биіктігі) құрайды, бұл ретте 
құрылғыны қыздыруға жəне сууына бірнеше сағат керектігін 
ұмытпаймыз. 
SLS-технология
сы модельді жылжымалы бөліктермен жасауға 
мүмкіндік береді, мысалы ілмекті біріктірумен, басылатын 
бастырмалармен жұмыс істейді. Сонымен қатар, SLS-принтерлер 
үшін арнайы материалдар əзірленді, олар тікелей металды 
материалдардан дайындауға мүмкіндіктері бар. Ұнтақ орнында 
болаттың микробөліктері пайдаланады, олар үстінен байланысты 
пластик қабатымен жабылады. Пластикті біріктіру əдеттегідей өтеді, 
сосын «ізтаңба» бөлшегі пеште күйдіріледі. Бұл жерде пластик 
күйеді, ал босатылған қуыстар қоламен толтырылады. Нəтижесінде 
60 
% болаттан, қалған 
40% — қоладан жасалған объекті шығады. 
Өзінің механикалық сипаттамалары бойынша ол алюминийден 
артық жəне классикалық коррозиялық-беріктікке (тот баспайтын) 
жақын. Тұрғыда, SLS-принтерлермен қазір толық көлемді күрделі 
формадағы метал заттарды жасап шығаруға мүмкіндік берілген. 
Сонымен бірге, ұқсас материалдар да бар – керамикалық жəне 
ортасы шыны – олардан жоғары температураға жəне агрессивті 
химиялық заттарға төзімді модельдер жасауға болады. 
Ламинациялау 
(Laminated Object Manufacturing
— LOM) Helysis 
компаниясымен лазерді пайдаланумен, көлемді баспа технологиясы 
ретінде жасалған. Технологияның маңызы – принтерге жұмыс 
материалымен кезекпен жұқа парақтар қойылады, одан кейін 
лазермен қажетті модель кесіледі. Кесілгеннен кейін қабаттар бір 
бірімен біріктіріледі. Материал ретінде алдында желімділген зат 
қаатымен арнайы қағаз пайдаланды. Бірақ, осылайша жұқа пластик, 
керамика жəне металлды фольганы кесуге болады. LOM- 
технологиясын іске асыратын үшөлшемді принтердің жұмысы 7.12- 
суретте көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет