Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Роликті және созылыңқы ризографтар



Pdf көрінісі
бет170/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Роликті және созылыңқы ризографтар 
тек бөлек қағаздармен ғана 
жұмыс істеуге арналған. Сканердің фотоқабылдағыш құрылғысының 
жанынан оқу кезіндеоларды созғылайды, парақтарды тарату автоматты 
режимде жасалады. 
Планшетті 
ризографтар 
парақты 
жəне 
брошюрленген 
материалдарды көшіруге мүмкіндік береді. 
Ризографтарды аса тиімді пайдалану үшін ақпараттаудың техникалық 
құралдарын бірыңғай кешенімен біріктіреді, мысалы 9.5.-суретте 
көрсетілгендей. 
Кешен құру кезінде ризографты компьютерге қосады, бұл ризографты 
жоғарысапалы сканерге айналдырады жəне компьютерге кескінді 
жіберуге, оны редакциялау жəне ризографта басып шығаруға мүмкіндік 
береді. Ризограф экологиялық қауіпсіз, ол арнайы дайындалған үй-жайлар 
мен персоналды қажет етпейді, желіге қосқаннан бастап жұмысқа дайын. 
329 


Жоғары сапа жəне ыңғайлы технологиясы арқасында ақпаратты 
техникалық құралдардың ризографты кешені ақпаратты қатқыл 
тасымалдағышта – визит карточкасынан, жарнамалық проспект 
бланктарынан жəне техникалық құжаттамалардан бастап, журналды 
мерзімділік, брошюра мен кітаптар жасауға дейін жəне тираждауға 
мүмкіндік береді. 
Ресей нарығында ризографтар Riso, Duplo жыне Ricoh 
брендтарымен ұсынылған. 
9.2.
 
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖОЙҒЫШ - ШРЕДЕРЛЕР 
 
Шредерлер 
(to shred
— ұсақтау, кескілеу) — құжаттарды жоюға 
арналған құрылғы. 
330 


Қатқыл 
тасымалдағыштардағы 
құжаттарда 
сақталатын 
ақпараттар жиі құпиялық маңызды болып келеді. Осыған 
байланысты көптеген байсалды ұйымдар электронды түрдегі, 
сондай-ақ қағазда жасалған жəне басқа тасымалдағыштардағы 
(микрофильмдер, магнитті лента жəне т.б.) ақпаратты қорғау жəне 
қызмет материалдарымен айналысу тəртібі туралы нұсқаулықпен 
жұмыс істейді. Бұл ретте, үлкен құжатайналымы ұйымдарында 
қатқыл тасымалдағыштағы кұжаттар түріндегі құжатайналымының 
шығынын жою проблемасы өткір мазалайды. 
Құжатты жоюдың негізгі үш тəсілі бар: химиялық, термалық 
жəне механикалық. Бірінші екеуі белгілі қолайсыздықтар мен 
қосымша қаржы шығындарын алып келеді: бөлек үй-жайды ұстап- 
күту, ауаны фильтрациялау мен желдетудің арнайы жүйелерімен 
жабдықтау, өртке қарсы қауіпсіздік, арнайы дайындалған персонал, 
арнайы киім. Осылардың барлығына байланысты, шредермен іске 
асырылатын, ең қолайлы механикалық принципі «құжаттарды 
майдалап кескілеу» кеңінен таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет